Отбасы банкінің "Корпоративтік" өнімі 700 қазақстандыққа қоныс тойын атап өтуге көмектесті | Отбасы банкінің "корпоративтік" өнімі ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) жеке компанияларға, кәсіпорындарға, коммуналдық ұйымдарға қызметкерлерді жеңілдетілген шарттармен тұрғын үймен қамтамасыз етуге көмектеседі. Несилер жылдық 5% - 8% мөлшерлемесімен 0% - дан 10% - ға дейінгі бастапқы жарнамен беріледі.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банкінің "Корпоративтік" өнімі 700 қазақстандыққа қоныс тойын атап өтуге көмектесті

Отбасы банкінің "Корпоративтік" өнімі 700 қазақстандыққа қоныс тойын атап өтуге көмектесті

12 тамыз 2022

Баспасөз хабарламасы

Отбасы банкінің "корпоративтік" өнімі ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) жеке компанияларға, кәсіпорындарға, коммуналдық ұйымдарға қызметкерлерді жеңілдетілген шарттармен тұрғын үймен қамтамасыз етуге көмектеседі.

Несилер жылдық 5% - 8% мөлшерлемесімен 0% - дан 10% - ға дейінгі бастапқы жарнамен беріледі.  

"Біздің өңір-2022" бизнес-форумында корпоративтік өнім туралы толығырақ Отбасы банкінің Басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов айтып берді. Ақтауда өткен іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әлимұхаммед Құттымұратұлы, өңірдегі ірі компаниялардың басшылары мен құрылыс салушылар қатысты.

- "Корпоративтік" өнім - бұл қазақстандық компаниялар үшін өз қызметкерлерін қолдау мүмкіндігі. Өйткені, кез келген кәсіпорынның құнды ресурсы бұл — қызметкерлер. Сондықтан қазір Қазақстанда well being бағыты танымал болуда, бұл қызметкерлерге қамқорлық көрсету тәжірибесі. Бұл бағдарламаның көмегімен жалақысы төмен қарапайым қызметкерлер жұмыс берушінің қолдауымен баспаналы бола алады. Осылайша кәсіпорындар тұрғын үй мәселесін шешіп қана қоймай, ертеңгі күнге сенімді әр түрлі салаларда жоғары білікті мамандар корпусын қалыптастырады, - деп түсіндірді Отбасы банкінің Басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

"Корпоративтік" өнімді пайдалану үшін ұйым өз қызметкерлерінің несиелерін қаржыландырып, қаражат қарастыруы керек. Мысалы, егер заңды тұлға қаржыландыру сомасының 100% - ын бөлсе, онда несие алушы үшін кредит бойынша мөлшерлеме 5% - ды құрайды. Бастапқы жарна 0% - ға тең болады. Банк қаржыландыруға қатысқан кезде опция бар. Бұл жағдайда несиелеу шарттары бөлек келісіледі. Корпоративтік өнімнің көмегімен тұрғын үйді "Қаражанбасмұнай", ERG, НЗМ компанияларының қызметкерлері, Қарағанды облысының кеншілері мен металлургтері сатып ала алды.

Сондай-ақ форумда Отбасы банкінің Маңғыстау облыстық филиалының қызметкерлері МТ 102 (Автотөлем) серіктестік бағдарламасы туралы айтып берді. Ол кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы қаржысын автоматты түрде Отбасы банкіндегі депозиттеріне аудару арқылы, болашақ тұрғын үйге қажетті соманы жинақтауға көмектеседі. Аймақ тұрғындары бұл төлем тәсілін белсенді қолданады. 

Қазір Маңғыстау облысының әрбір алтыншы тұрғыны Отбасы банкте өз баспанасына ақша жинап жатыр. Қаржы құрылымының көмегімен күн сайын 12-15 ақтаулық баспаналы болады.

***

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ - елдегі тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін іске асыратын жалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассаларының федерациясы (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағынан тұрады. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  «Отбасы банк» АҚ-ның  жалғыз акционері болып табылады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру