Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Отбасы банкінде жаңа Басқарма мүшесі тағайындалды

Отбасы банкінде жаңа Басқарма мүшесі тағайындалды

29 августа 2024

Жансұлтан Матай "Отбасы банк" АҚ ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) Басқармасының жаңа мүшесі және Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін бұл қызметті Владимир Савченко атқарған. Оның өкілеттігі ағымдағы жылдың 20 шілдесінде басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты тоқтатылды.

Отбасы банк Басқармасының жаңа мүшесі Банктің директорлар кеңесінің отырысында сайланды және 2024 жылдың 26 тамызында өз өкілеттігіне кірісті.

Бұған дейін Жансұлтан Матай Отбасы банкінде Басқарушы директор, сонымен бірге банктің Астанадағы Орталық филиалының директоры қызметтерін атқарған болған.

Жаңа лауазым шеңберінде ол заң департаментіне, қауіпсіздік департаментіне, ақпараттық қауіпсіздік департаментіне және бастапқы тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығына (бұл департамент мемлекеттік бағдарламалар мен жалдамалы тұрғын үй ақысын субсидиялаумен айналысады) жетекшілік ететін болады.

Жансұлтан Матай Қызылорда облысында дүниеге келген.

1997 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын "Инженер-экономист" біліктілігімен "Құрылыстағы экономика және басқару" мамандығын тәмәмдады.

2005 жылы Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Инженер" біліктілігімен "Мұнай және газ кен орындарын игеру" мамандығын тәмәмдады.

2015 жылы "РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында" Іскерлік әкімшілендіру шебері - Master of Business Administration (МВА) дипломын алды.

Жансұлтан Матай еңбек жолын 1997 жылы туған қаласы Қызылорда қаласында, Қызылорда облыстық экономика және сауда комитетінің жиынтық бөлімінің аға маманынан бастаған. Содан кейін әр жылдары жеке компанияларда менеджер, аға экономист болып жұмыс істеді және Қызылорда облыстық экономика басқармасында бөлім бастығы болды.

2005 жылы Жансұлтан Матай Қызылорда облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істей бастады.

2008 жылдан бастап "ДАМУ кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Қызылорда облысындағы өңірлік филиалын басқарды.

2017 жылы "Отбасы банк" АҚ Орталық филиалының директоры болды.

2024 жылғы 3 қаңтарда Жансұлтан Матай Банктің басқарушы директоры қызметіне тағайындалды.

Отбасы банктің Орталық филиалында жұмыс істеген уақытында Жансұлтан Матай өзін тәжірибелі басқарушы ретінде көрсетті. Ол банк жұмысының барлық көрсеткіштері бойынша тиімділікті арттыру бағытында жақсы нәтижелер көрсетті. Оның басқаруымен банк филиалының депозиттік портфелі 2,5 есе өсті, кредиттік портфель де айтарлықтай жоғарылады, салымшылар саны 118%-ға көбейді. Мемлекеттік және банктің жеке бағдарламалары аясында 89,3 мың астаналық салымшы баспаналы болды.

Жансұлтан Матай Атамекен одағының III дәрежелі "Істі дамытуға қосқан үлесі үшін" орденімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалімен, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының "Еңбек сіңірген қаржыгері" орденімен және "Құрмет" орденімен марапатталған.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру