Отбасы банкінде Директорлар кеңесінің отырысы өтті | «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің басшысы Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен «Отбасы Банк» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысында Банктің ішкі аудит департаментінің 2022 жылға арналған қызметі туралы есебі бекітілді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банкінде Директорлар кеңесінің отырысы өтті

Отбасы банкінде Директорлар кеңесінің отырысы өтті

27 ақпан 2023

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің басшысы Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен «Отбасы Банк» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысында Банктің ішкі аудит департаментінің 2022 жылға арналған қызметі туралы есебі бекітілді.

Сондай-ақ өткен жылдың қорытындысы бойынша операциялық тәуекелдер, ақпараттық технологиялар тәуекелдері, ақпараттық қауіпсіздік және ішкі бақылау туралы есеп, қаржылық тәуекелдерді басқару бойынша есеп, стратегиялық тәуекел мен оның орындалуы жайлы тәуекел тәбеті деңгейінің нақты мәні туралы есеп, Отбасы банкінің инвестициялық портфелі туралы есеп ұсынылды.

Ұсынылған құжаттарға сәйкес, Отбасы банк есепті кезеңдегі міндеттері мен мақсаттарын толығымен орындады.

Мәселен, қазіргі уақытта банкте 2 600 814 депозит бар. Жыл басынан бері 78 953 жаңа салым ашылған.

2022 жылдың корытындысы бойынша Отбасы банк 79 872 қазақстандықтың баспана мәселесін шешуге көмектесті. Олардың барлығы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін пайдаланып, қолжетімді шарттармен жеке баспана сатып алуға мүмкіндік алды.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру