ОТБАСЫ БАНК YOUTUBE АРНАСЫ КҮМІС БАТЫРМАМЕН МАРАПАТТАЛДЫ | Биылғы жылы Отбасы банк Қазақстанда өз тұрғын үйін қолжетімді талаптарда қалай сатып алуға болатындығы туралы 24 ақпараттық ролик шығарды. Материал интернетте жарияланып, әрбір қазақстандықтың оны тегін меңгеруге мүмкіндігі болды. Ипотека академиясының курстарын Банктің youtube-тегі ресми арнасынан табуға болады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ОТБАСЫ БАНК YOUTUBE АРНАСЫ КҮМІС БАТЫРМАМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ОТБАСЫ БАНК YOUTUBE АРНАСЫ КҮМІС БАТЫРМАМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

20 қазан 2023

Баспасөз хабарламасы

Биылғы жылы Отбасы банк Қазақстанда өз тұрғын үйін қолжетімді талаптарда қалай сатып алуға болатындығы туралы 24 ақпараттық ролик шығарды. Материал интернетте жарияланып, әрбір қазақстандықтың оны тегін меңгеруге мүмкіндігі болды. Ипотека академиясының курстарын Банктің youtube-тегі ресми арнасынан табуға болады.

Ипотека академиясы - бұл білім беретін бейнероликтер сериясы, онда банк қызметкерлері қазақстандықтарға тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі, қарыздардың түрлері, мемлекеттік сыйлықақы, бағалау көрсеткіші, алдын ала мақұлдау, кредиттік тарих жөнінде қарапайым сөзбен әңгімелеп береді. Жоба осы жылдың бас кезінде іске қосылды және осы уақыт ішінде 705 мыңнан астам адам пайдалы материалды қарап, меңгере алды.

- Біздің қазақ және орыс тілдеріндегі 24 роликтен тұратын курсымыз қазақстандықтар үшін тәулігіне 24 сағат ашық. Ол тегін. Біз оны халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, өнімдерімізді одан да қолжетімді ету үшін іске қостық. Кез келген азамат интернет арқылы курсты қолданып, барлық ақпаратты біле алады. Бұл білім тұрғын үй мәселесін делдалсыз өздігінен шешуге мүмкіндік береді. Бір қызығы, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің артықшылықтары, банк клиенттері арасында танымал болған аралық қарыз және банктің өзіндік "Баспана маркет" маркетплейсі туралы бейнероликтер көп қаралды, онда бір жерде ең жақсы ұсыныстарды тауып, бірден кредит ресімдеуге болады, - деп түсіндірді Отбасы банк Басқармасы төрайымының орынбасары Нурлан Акшанов.

Банктің youtube арнасының тағы бір айдары "Артық сөзсіз" ("Без воды") деп аталады. Мұнда банк қызметкерлері клиенттердің ең өзекті сұрақтарына жауап береді. Айдардан ипотека арқылы қалай үнемдеуге болатындығын, тұрғын үй қарызының пайдасы неде екендігін, зейнетақы жарналарынсыз кредитті қалай ресімдеу керектігін және төлем қабілеттілігін қалай растау қажеттігін, банкке келместен мобильді қолданбада қандай операциялар жасауға болатындығын білуге болады.

Отбасы банктің "Өзіміз шәй ішейік" және "По домам" деген подкасттарын тыңдай отырып, қазақстандықтар өз отандастарының мысалдарында Отбасы банк өнімдерінің пайдасы мен қолжетімділігіне көз жеткізе алады.

Қазір Отбасы банк халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша жаңа роликтерді түсіруін жалғастыруда. Мақсатты аудитория - жас қазақстандықтар. Жаңа жоба қазақстандық Ninety One тобымен ынтымақтастықта іске қосылды. Өз мысалдарында әншілер тұтыну мәдениетінен үнемдеу мәдениетіне қалай өту керектігін айтады, қаржылық сауаттылық туралы пайдалы кітаптар жөнінде кеңес береді, бюджетті тиімді бөлуге үйретеді, басқа да пайдалы лайф-хактармен бөліседі.

Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша Отбасы банк қызметкерлері өз күшімен дайындаған банктің youtube-арнасының контенті сұранысқа ие болды. Жазылушылар саны үздіксіз өсуде және қазір 100 мыңнан асты. Осыған орай, Youтube Отбасы банктің арнасына "Күміс батырма" атағын берді. Ал бұл арнаны дамытудағы үлкен жетістіктердің дәлелі болып табылады.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру