Отбасы банк салымшыларына депозиттері бойынша өтемақы қашан түседі? | Бұл соңғы уақытта қазақстандықтардың Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) менеджерлеріне ең жиі қоятын сауалдарының бірі. Өтемақы салымшылардың депозиттеріне 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін, Отбасы банкіне өтемақы төлеуге арналған қаражат түскен сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде аударылады. Бүгінде банк өз клиенттерінен жалпы сомасы 116 млрд теңгеге 914 526 өтініш қабылдады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк салымшыларына депозиттері бойынша өтемақы қашан түседі?

Отбасы банк салымшыларына депозиттері бойынша өтемақы қашан түседі?

8 ақпан 2023

Баспасөз мәлімдемесі

Бұл соңғы уақытта қазақстандықтардың Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) менеджерлеріне ең жиі қоятын сауалдарының бірі. Өтемақы салымшылардың депозиттеріне 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін, Отбасы банкіне өтемақы төлеуге арналған қаражат түскен сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде аударылады.

Бүгінде банк өз клиенттерінен жалпы сомасы 116 млрд теңгеге 914 526 өтініш қабылдады.

Отбасы банк депозиттерінде жинақталған қаражат көлемі бойынша ең жоғары сома - 52,9 млн теңгеге тең. Өтемақы төлемдерінің ережесіне сәйкес, 20 млн теңгеден аспайтын салым сомасына 10% көлемінде өтемақы есептелетін болады. Жалпы 2022 жылдың 23 ақпандағы жағдай бойынша банкте 20 млн теңге өтемақы алатын 3 080 депозит бар.

Өтемақы туралы қосымша ақпарат алу үшін Quanysh чат-ботына хабарласуға болады.

Қазірдің өзінде Отбасы банкінің 1 500 000 астам клиенті аталмыш виртуалды кеңесшіден қолдау алады. Тәуілік бойы қызмет көрсететін бот WhatsApp және Telegram мессенджерлері мен Otbasy bank мобильді қосымшасына түскен салымшылар өтініштерінің 85%-ын дербес өңдейді.

Quanysh чат-боты – банктің қолдау көрсету қызметіне хабарласудың баламалы жолы. Ол күнделікті 5000-нан астам пайдаланушының хабарламаларын сәтті өңдейді. +7 705 925 13 01 нөмірін контактілер тізіміне қосып, автоматтандырылған цифрлық көмекшіге тәулік бойы хабарласуға болады.

– Отбасы банкінің салымшылар қоры жыл сайын артып келеді, қазір бізге 2,5 млн қазақстандық сенім артып отыр. Жыл сайын банк 600 мыңнан астам депозит ашып, 80 мыңға жуық несие береді. Ал біз үшін әрбір клиентпен жедел хабарласу, үнемі байланыста болу маңызды. Банкте бірнеше кері байланыс арналары бар, атап айтсақ бұл - байланыс орталығы, бейнебанкинг және чат-бот. Соңғысының көмегімен шоттың баламалы кодын біліп, үзінді көшірме алып, біржолғы зейнетақы төлемдері (әрі қарай-БЗТ) мен субсидиялау бағдарламасы бойынша жолданған өтінімдердің мәртебесін білуге болады. Сондай-ақ Quanysh чат-боты банктің қызметтері мен өнімдері, өтемақылар мен мемлекеттік сыйлықақы туралы ақпарат бере алады, - деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

Quanysh ботына байланыс орталығының операторлары қолдау көрсетеді. Егер бот клиентке белгілі бір мәселелер бойынша көмектесе алмаса, ол диалогты банк қызметкеріне аударады. Операторлар жұмыс аптасы бойы сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін пайдаланушылармен байланыста болады, қалған уақытта чат-бот қызмет етеді. Осылайша тұтынушыларға тәулік бойы қолдау көрсетіледі.

Қазір Отбасы банкінде қызметтердің 80% қашықтағы арналар арқылы қызмет көрсетеді. Тек өткен жылы олардың көмегімен клиенттер 3,2 млн транзакция жасаған. Қазақстандықтар онлайн режимінде қолданатын ең танымалдары – Отбасы банкінде депозит ашу, БЗТ аудару үшін арнайы шот ашу, несиені ішінара өтеу, деректемелерді өзгерту, депозитті толтыру және несиені өтеу.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру