Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Отбасы банк пен Азия даму банкімен болашақтағы әріптестік жоспарларын талқылады

Отбасы банк пен Азия даму банкімен болашақтағы әріптестік жоспарларын талқылады

5 желтоқсан 2025

Бүгін Отбасы банкте Азия даму банкінің өкілдерімен кездесу өтті. Тараптар бірлескен жұмысты жалғастыру бағыттары, алдағы несие беру жоспарлары және банктің тұрақты даму бойынша ұстанымдарын талқылады.

Кездесуге «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы, Отбасы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов, сондай-ақ банк департаменттерінің директорлары Ольга Савенкова мен Данагүл Түсіпова қатысты.

АДБ делегациясын Орталық және Батыс Азия бойынша бас директор Лея Гутьеррес бастап келді. Сонымен бірге АДБ-ның Қазақстандағы директоры Кумар Утсав та қатысты.

Лея Гутьеррес үшін бұл Отбасы банк басшылығымен жасаған алғашқы кездесу болды. Әңгіме барысында тараптар стратегиялық жоспарларды, қазіргі бірлескен жобалардың жай-күйін және болашақтағы ортақ жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесуде банктің тұрақты даму мәселелері және ESG қағидаттары да ерекше назарда болды.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру