Отбасы банк пен Ақтөбе облысының әкімдігі "Ақтөбе жастары" бағдарламасын іске қосады | Ақтөбе облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Ол 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындарына барынша тиімді шарттармен баспана сатып алуға көмектеседі. Бағдарламаға дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және спорт қызметкерлері, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, журналистер, әлеуметтік сала, мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері, сондай-ақ ТЖД қызметкерлері мен ауылшаруашылығы саласының өкілдері қатыса алады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк пен Ақтөбе облысының әкімдігі "Ақтөбе жастары" бағдарламасын іске қосады

Отбасы банк пен Ақтөбе облысының әкімдігі "Ақтөбе жастары" бағдарламасын іске қосады

6 желтоқсан 2022

Баспасөз мәлімдемесі

Ақтөбе облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Ол 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындарына барынша тиімді шарттармен баспана сатып алуға көмектеседі.

Бағдарламаға дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және спорт қызметкерлері, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, журналистер, әлеуметтік сала, мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері, сондай-ақ ТЖД қызметкерлері мен ауылшаруашылығы саласының өкілдері қатыса алады.

Жоба Астанада өткен VII «Aktobe Investment - 2022» халықаралық инвестициялық форумы аясында таныстырылды. Онда Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова «Ақтөбе жастарын» жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды.

– Отбасы банкінде соңғы бес жылда жас салымшылардың депозиттік базасы 35 пайызға артты. Қазір бізде 18 бен 35 жас аралығындағы 925 мың қазақстандық болашақта баспаналы болу үшін депозиттеріне ақша жинап жүр. Бұл жастардың қаражат жинауға ынталанып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне сенім артқанының белгісі. Ал біз оларға қолдау көрсеткіміз келеді. Сондықтан да әкімдіктермен бірлесе отырып, еліміздің бүкіл аумағында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламаларын белсенді түрде қолға алып жатырмыз. Бұл бастамада Ақтөбе облысы – тоғызыншы облыс болды. Жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті әкімдік пен Отбасы банк жеке-жеке 300 млн теңгеден бөліп отыр, - деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы қазірдің өзінде Алматы, Астана қалаларында, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл облыстарында және БҚО-да жұмыс істеп тұр. Дәл осындай бағдарлама Жетісу мен Абай облыстарында да іске қосылады деп күтілуде.

Облыс әкімдіктері мен Отбасы банкінің жастарды несиелендіруге бағыттаған ортақ бюджеті қазірдің өзінде 60 млрд теңгеден асып түскен.

«Ақтөбе жастары» бағдарламасы бойынша әлеуетті несие алушылардың тізімін жергілікті әкімдік қалыптастырады. Өтініштердің қалай қабылданаты және байқау кезеңі әкімдікпен қосымша хабарландырылады.

Қатысушылар пулы құрылғаннан кейін, олардың барлығы Отбасы банкінен несие алуға жолдама алады. Үміткерлер өздерінің төлем қабілеттілігін растап, жылдық 5 пайызбен заем ала алады. Мұнда алғашқы жарна 10% ғана болады. Бағдарлама қатысушыларына берілетін несиенің ең жоғары сомасы – 15 млн теңге. Баспананы алғашқы немесе қайталама нарықтан сатып алуға болады.

"Ақтөбе жастары" бағдарламасының қатысушыларына қойылатын талаптар:

1. Өтінім берген кезде қатысушының жасы 35 жастан (қоса алғанда) аспауы керек.

2. Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы.

4. Ақтөбе облысында таңдаған сала бойынша ресми жұмыс өтілі – соңғы 12 айдан кем емес.

5. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру