Ең алдымен өз нөмірін Мобильді азаматтар базасында дұрыс тіркелуін – тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар тексеруі тиіс. Бұл Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) азаматтармен уақытылы байланысып, тұрғын үйді бөлуге қатысты маңызды ақпаратты жеткізуі үшін қажет.
Мобильді азаматтар базасындағы жаңартылған телефон нөмірі – бұл мемлекет пен Отбасы банкінің қазақстандықтармен байланыс орнатудағы негізгі бағыт:
Егер азаматтың нөмірі Мобильді азаматтар базасында тіркелмеген немесе ескірген болса, Отбасы банктен жалдамалы немесе несиеге берілетін тұрғын үйді бөлу туралы хабарламаларды жіберіп алу қаупі бар.
Осыдан кейін сіздің нөміріңіз ЖСН-мен (Жеке сәйкестендіру нөмірімен) байланысады, және Отбасы банк пен мемлекеттік органдардан келетін барлық хабарламалар дәл осы нөмірге жіберіледі.
2025 жылдың 24 мамырынан бастап Отбасы банк ұлттық даму институты мәртебесін алды. Осыған байланысты тұрғын үйге кезек жүргізу қызметі, оны ұзақ жылдар бойы атқарған жергілікті атқарушы органдардан (әкімдіктерден) Отбасы банкке берілді.
Азаматтардың электрондық деректер базасын қабылдау процесі бірнеше айға созылды. Бүгінгі күні банктің қарамағына барлық 647 779 жазба толықтай берілді.
Келесі кезең – кезек тізімін түгендеу. Осы жұмыс аяқталған соң, тұрғын үйді бөлу процесі басталады – яғни жалдамалы және несиелік тұрғын үйлер үлестіріледі.
Несиелік тұрғын үйді ең төменгі 10% бастапқы жарнамен сатып алуға болады. Пайыздық мөлшерлемелер жылдық 2% (ЖТСМ 2%–2,1%) және 5% (ЖТСМ 5,2%–5,8%) деңгейінде белгіленген.
Қазір Отбасы банк өңірлердің әкімдіктерімен дайын тұрғын үй нысандарын беру туралы келісімдер жасасуда. Тұрғын үйді бөлу процесі 2025 жылдың қазан айында басталуы үшін, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруі қажет.
Кезекте тұрғандар туралы барлық мәліметтерді Отбасы банк мемлекеттік деректер базаларынан алады. Бұл – мемлекеттік қолдау шаралары әділ түрде жүзеге асып, шынымен мұқтаж азаматтарға жетуі үшін жасалып отыр.
Келісім беруді orken.otbasybank.kz порталының жеке кабинетінде орындау қажет. Ол үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
Қол қойылған келісімнің артықшылықтары:
-Тұрғын үй мәселесін шешуге арналған мемлекеттік қолдауды нақты және жылдам алу;
-Жеңілдетілген несиелерді бөлуге қатысу;
-Мемлекеттік қолдаумен жалдамалы тұрғын үйді рәсімдеу.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!