Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен марапат алды. Банк Нұра ауданы бойынша «Үздік салық төлеуші» номинациясында және қаланың бюджетін толықтыруға қосқан үлесі үшін марапатталды. Бұл – Банктің ұстап отырған ашық әрі адал салық саясатының жоғары бағалануы.
Соңғы бір жылда Отбасы банк төлейтін салықтар мен әлеуметтік төлемдердің көлемі айтарлықтай өсті, және бұл оң динамика алдағы уақытта да сақталады. 2024 жылы банк 34,5 млрд теңге салық төледі. 2025 жылдың 11 айында бұл көрсеткіш 42 млрд теңгеге жетті. Оның 35,3 млрд теңгесі республикалық бюджетке бағытталды. Республикалық бюджет – елдің жалпы қоры, яғни осы қаражат есебінен әскер мен полицияның жұмысы, медицина, жол құрылысы, зейнетақылар мен мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырылады.
Тағы 2,98 млрд теңгені банк жергілікті бюджеттерге аударды. 2025 жылғы 2 шілдеге дейін Отбасы банк Алматы қаласының салық төлеушісі болды. Одан кейін ресми түрде Астананың салық төлеушісіне айналды. Енді банк төлейтін салықтарының бір бөлігі Астанада қалады. Салық қала тұрғындарына қажетті салалар, яғни: мектептер мен балабақшалардың жұмысы, емханалар, көшелер мен аулаларды жөндеу, қоғамдық көлік сынды бағыттарға кетеді.
Биыл Отбасы банк зейнетақы жарналары, МӘМС және басқа да әлеуметтік төлемдерге 3,65 млрд теңге бағыттады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша банк 51,7 млрд теңге салық пен әлеуметтік төлемдер аударуды жоспарлап отыр – бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,2 млрд теңгеге артып рекордтық көрсеткіш болмақ.
– 2025 жыл Отбасы банк үшін ерекше жыл болды. Біз 600 адамдық командамен Астанаға көштік. Банктің алғашқы марапаты – елордадағы ірі салық төлеуші ретінде танылуымыз – біз үшін үлкен мәнге ие. Жаңа астаналықтар ретінде жергілікті бюджетке түсетін қаржыны арттыру үшін бар күшімізді саламыз. Әсіресе, жас әріптестеріміз ерекше ынтамен көшті, себебі олар осы қалада отбасын құрып, баспана мәселесін шешеміз деп үміттенеді, – деді Отбасы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Отбасы банкінде елорда жастарына қолжетімді шарттармен баспана алуға көмектесетін тиімді құрал бар. Ол – «Елорда жастары» бағдарламасы. Астанада бұл бағдарлама 2021 жылдан бері жергілікті әкімдіктің қолдауымен жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде бағдарламаны іске асыруға 23,5 млрд теңге бөлінді, оның негізгі бөлігі – 20,4 млрд теңге – қала әкімдігі тарапынан бағытталды. «Елорда жастары» бағдарламасының арқасында 960 адам жаңа баспанаға ие болды. Бағдарлама бойынша бастапқы жарна небәрі 10%, ал несие мөлшерлемесі – жылына 5%*. Бағдарламаға қатысу үшін Отбасы банкіндегі депозитке қаражат жинап, өтінім қабылдау басталатын күндер туралы жаңалықтарды қадағалап отыру қажет.
Қазіргі уақытта банк мемлекеттік тұрғын үй саясатын іске асыруда негізгі орын алады. Ол әсіресе көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетеді. Әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға банк жеңілдетілген қарыздар ұсынады. Соңғы екі жылда Отбасы банк арқылы баспана кезегінде тұрған 407 адам жаңа үйге ие болды. Бұған 1 және 2 топ мүгедектері, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар кіреді. Оларға бастапқы жарна 10% болған жағдайда, 2% және 5%*** мөлшерлемемен қарыздар берілді. Жеңілдетілген қарыздардың жалпы сомасы 6,05 млрд теңгені құрады – бұл қаражат мемлекеттік бюджеттен бөлінді.**
*ЖТСМ 5,2% тен 5,7% дейін** ЖТСМ 2,0% ден 2,1% дейін*** ЖТСМ – 5,2% ден 5,8% дейін
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!