Отбасы банк үлескерлерді несиелендіруге арналған жаңа өнім шығарады | Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) салымшыларында үлестік қатысу арқылы тұрғын үй сатып алудың жаңа, қауіпсіз құралы пайда болады. Банктің ішкі құжаттарына қатысты өзгерістерді Директорлар кеңесінің төрағасы, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен өткен Директорлар кеңесі бекітті.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк үлескерлерді несиелендіруге арналған жаңа өнім шығарады

Отбасы банк үлескерлерді несиелендіруге арналған жаңа өнім шығарады

4 маусым 2022

Баспасөз мәлімдемесі

Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) салымшыларында үлестік қатысу арқылы тұрғын үй сатып алудың жаңа, қауіпсіз құралы пайда болады. Банктің ішкі құжаттарына қатысты өзгерістерді Директорлар кеңесінің төрағасы, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен өткен Директорлар кеңесі бекітті.

Бүгінде банк құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерден пәтер сатып алуды көздеген қазақстандықтарға құрылыс салушының «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған жағдайда ғана несие береді. 2021 жылы және 2022 жылдың алғашқы 4 айында Отбасы банкінің 4 818 клиенті үлестік құрылыс қатысушысы ретінде несие алды. Салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға азаматтарымыздың сұранысы жоғары болғанымен, ҚТҮК кепілдігі бар құрылыс салушылар саны көп емес.

Сондықтан, Отбасы банк өз клиенттеріне қолдау көрсету мақсатында үлескерлерді несиелендіруге арналған жаңа өнім – құрылыс салушылардың жауапкершілігін сақтандыруды әзірледі.

– Қазіргі кезде біз үлестік қатысу арқылы тұрғын үй сатып алатын клиенттерімізді өзге жылжымайтын мүлік түріндегі кепілі болған жағдайда немесе құрылыс салушының ҚТҮК кепілдігі болған жағдайда ғана несиелендіреміз. Көп ұзамай азаматтарымызда үшінші, қауіпсіз құрал пайда болады. Бұл құрылыс салушының нысанды уақтылы пайдалануға бермеген жағдайда азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. Бұл жағдайда құрылыс компаниясы сақтандыру жарнасын өз қаражаты есебінен төлейді. Сондықтан клиенттер бюджетіне бұл қосымша салмақ түсірмейді, - дейді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Объек белгіленген мерзімде пайдалануға берілмесе, бұл – сақтандыру жағдайы болып есептеледі. Мұндай жағдайда құрылыс салушыға нысанды аяқтау мерзімін 6 айға ұзарту мүмкіндігі қосымша беріледі.

Үлескерлерді жаңа әдіспен несиелендіру Отбасы банкінде 2022 жылдың шілдесінде басталады деп жоспарлануда. Үлестік құрылыс шарты аясында тұрғын үй сатып алуға жылдық 7% мөлшерлемемен несие берілетін болады.

Сондай-ақ, Директорлар кеңесінің отырысында жылдық бюджеттің орындалуы және банктің 2021 жылы және 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы табыстылық көрсеткіштері туралы есептер, 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қаржылық тәуекелдерді басқару жөніндегі есеп, 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша инвестициялық портфель туралы есеп және өткен жылғы Банктің тұрақты даму туралы есебі бекітілді.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.


Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру