Отбасы банк депозиттер бойынша өтемақы алуға өтініштерді қабылдауын қайта жалғастырады | Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттерінің өз депозиттері бойынша өтемақы алу үшін өтініш тапсыруға қосымша күндері бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бұл мерзім 2023 жылдың 10 ақпанына дейін ұзартылды. Өтініштер бұрынғы қалпы «Баспана маркет» (www.otbasybank.kz) жылжымайтын мүлік порталындағы жеке кабинетте онлайн жолданады. Бұл мүмкіндік 2023 жылдың 12 қаңтары, сағат 10:00-ден бастап қолжетімді болады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк депозиттер бойынша өтемақы алуға өтініштерді қабылдауын қайта жалғастырады

Отбасы банк депозиттер бойынша өтемақы алуға өтініштерді қабылдауын қайта жалғастырады

12 қаңтар 2023

Баспасөз мәлімдемесі


Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттерінің өз депозиттері бойынша өтемақы алу үшін өтініш тапсыруға қосымша күндері бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бұл мерзім 2023 жылдың 10 ақпанына дейін ұзартылды.

Өтініштер бұрынғы қалпы «Баспана маркет» (www.otbasybank.kz) жылжымайтын мүлік порталындағы жеке кабинетте онлайн жолданады. Бұл мүмкіндік 2023 жылдың 12 қаңтары, сағат 10:00-ден бастап қолжетімді болады.

Сондай-ақ өтемақы алу жөніндегі өтініштерді «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы да жолдауға болады. Аталмыш қызмет мобильді қосымша жаңартылғаннан кейін жақын күндері іске қосылады.

Өтініштерді қабылдаудың тағы бір арнасы – Отбасы банк кеңесшілері. Олардың көмегімен әрекетке қабілетсіз және кәмелетке толмаған салымшылардың, олардың ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілерінің салымдары бойынша өтемақы алуға өтініш беруге болады. Ол үшін өзіңізге жақын жердегі кеңес беру орталығына бару керек немесе үйге кеңесші шақыру қажет. Өз қалаңыздағы банк кеңесшілері жайлы мәліметтерді https://hcsbk.kz/ru/network-agents/ сайтынан таба аласыз.

Үш айдың ішінде Отбасы банк клиенттерінен өтемақы алу үшін 860 166 өтініш қабылдады. Оның 130 900 астамы – балалар депозиттері бойынша. Жолданған өтінімдердің жалпы сомасы 116,1 млрд тенге.

Отбасы банкіндегі депозиттер бойынша берілетін 10 пайыз көлеміндегі өтемақылардың ең жоғарғы сомасы 20 млн теңге екенін ескертеміз. Бұл бір банктен ашылған барлық депозиттердің жалпы сомасына берілетін максималды қаражат. Өтемақы 2022 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша Отбасы банкінде депозиттері бар және бұл салымдарын 2023 жылдың 23 ақпанына дейін сақтаған барлық салымшылардың жинақтарына аударылады.

Салымды бөлу арқылы ақша депозиттен ішінара алынған болса, онда өтемақы жинақталған салымның ең аз қалдығына есептеледі. Оның үстіне 2022 жылдың 23 ақпанынан кейін салымға толықтырылған қаражат есепке алынбайды.

Егер банк салымшысында аралық және алдын ала тұрғын үй займдарын алу мақсатында, оның ішінде үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша депозит қамтамасыз ету ретінде берілген салымы болса, сондай-ақ аталмыш депозит 2023 жылдың 23 ақпанына дейін сақталса, онда ол да тиісті өтемақы алады.

Жақын туыстарға (тегін) тағайындалған салымдар, сондай-ақ біріктірілген депозиттерге де өтемақы беріледі.

Өтемақы келесі депозиттер бойынша төленбейді:

- депозит жабылса;

- кепіл ретінде болған, кейін несие өтеліп, келісімшарты тоқтатылған депозиттер.

- 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап 2023 жылдың 23 ақпанына дейінгі кезеңде (қоса алғанда) депозит бойынша тұрғын үй заемына көшкен, оның ішінде автоматты түрде көшкен салымдар бойынша;

- онлайн табыстау арқылы сатылған немесе сатып алынған депозиттер бойынша.

Өтемақы салымшылардың депозиттеріне 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін, Отбасы банкіне ақша түскен сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде аударылады. Өтемақы алу үшін бөлек шот ашудың қажеті жоқ.

Егер салымшының жалпы қалдық сомасы 20 млн теңгеден асатын екі және одан да көп депозиттері болған жағдайда, өтемақы салымдар сомасына пропорционалды, бірақ белгіленген өтемақы сомасынан аспайтын депозиттерге есептеледі.

***

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру