Отбасы банк БҚО Бөрлі ауданының тұрғындарын 10 пайыздық бастапқы жарнамен несиелендіреді | Жергілікті әкімдік өз тұрғындарын қолдау мақсатында 440 млн теңге бөліп отыр. Бұл қаражат жергілікті азаматтарға жеңілдетілген шарттармен жеке баспана сатып алуға көмектеседі. Аудан әкімдігінің тұрғын үй бағдарламасын Отбасы банк жүзеге асырады. Бүгін қос тарап тиісті келісімге қол қойды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк БҚО Бөрлі ауданының тұрғындарын 10 пайыздық бастапқы жарнамен несиелендіреді

Отбасы банк БҚО Бөрлі ауданының тұрғындарын 10 пайыздық бастапқы жарнамен несиелендіреді

23 ақпан 2023

Баспасөз мәлімдемесі


Жергілікті әкімдік өз тұрғындарын қолдау мақсатында 440 млн теңге бөліп отыр. Бұл қаражат жергілікті азаматтарға жеңілдетілген шарттармен жеке баспана сатып алуға көмектеседі. Аудан әкімдігінің тұрғын үй бағдарламасын Отбасы банк жүзеге асырады. Бүгін қос тарап тиісті келісімге қол қойды.

– Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының тұрғындары баспана мәселесін шешуі үшін біздің тәжірибемізде алғаш рет аудан әкімдігі қаржы бөліп отыр. Отбасы банк жеңілдетілген несиелерді беруге көмектеседі. Өйткені бұл бағыттағы біздің тәжірибеміз үлкен. Жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарты бойынша шаршы метрлерді 10% бастапқы жарнамен сатып алуға болады. Ал несие бойынша мөлшерлеме жылдық 5% тең, - деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының директоры Аида Ипатова.

Аталмыш шарттар бойынша Бөрлі ауданының тұрғындары Ақсай қаласында салынған жаңа коттедждерді сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл жалпы ауданы 100 шаршы метр болатын үш бөлмелі үйлер. Үй маңында 6 сотық жер учаскесі бар. Коттедждер дайын әрлеуде. Үйлерде жылыту қазандықтары, ішкі есіктер, үш қабатты шыныпакеттен жасалған терезелер, металдан жасалған кіреберіс есіктер, еденге ламинат төселген. Тұрғын үй заманауи жылыту әдістерін қолдана отырып салынған.

Мұндай тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 220 мың теңгені құрайды. Оны Бөрлі ауданының тұрғындары келесі талаптарға сәйкес келген жағдайда сатып алады:

- БҚО Бөрлі ауданында соңғы 1 жыл бойы тұрақты тіркелген болуы;

- бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде меншігінде тұрғын үйдің болмауы;

- Бөрлі ауданында таңдалған қызмет саласындағы ресми жұмыс өтілі өтініш берген кезде кемінде бір жыл болуы тиіс.

Өтініштер eotinish.kz порталы арқылы қабылданады. Бағдарламаның басталу уақыты туралы қосымша хабарланады.

Жергілікті әкімдік немесе кәсіпорын кредит беруге қаражат бөлген кезде, осындай тәсіл бойынша Отбасы банк мыңдаған қазақстандықтарға қоныс тойын атап өтуге көмектеседі. Осындай жолмен «Қаражанбасмұнай», ERG компанияларының қызметкерлері, Қарағанды облысының кеншілері мен металлургтері жеңілдетілген шарттар бойынша тұрғын үй сатып алды. Сондай-ақ қазіргі уақытта банк «Қазфосфат» ЖШС-мен бастады.

Сондай-ақ Отбасы банк мемлекеттік бюджет қаражатын тартпай, өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, БҚО, Ақтөбе, Жетісу және Абай облыстарында жастар бағдарламаларын іске қосты.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру