Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Отбасы банк «Қазфосфат» компаниясы қызметкерлерін несиелендіруге арналған бағдарламаны іске қоспақ

Отбасы банк «Қазфосфат» компаниясы қызметкерлерін несиелендіруге арналған бағдарламаны іске қоспақ

28 октября 2022

Баспасөз мәлімдемесі

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің шарттарына сәйкес, Отбасы банкінен қолжетімді несие алу үшін азаматтарымыздың депозиттерінде тұрғын үй құнының кем дегенде 50% болуы қажет.

Әлеуметтік бастамалар аясында «Қазфосфат» ЖШС басшылығы өз қызметкерлеріне жеке баспана сатып алуға қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. Осылайша, компания жұмысшыларының Отбасы банкіндегі депозиттеріне бастапқы жарнаның 25%-ға дейінін сомасын жинақтауға көмектеспек. Қалған 25% қызметкер өз күштерімен жинап, бірден банктен жылдық 8,5% мөлшерлемемен (одан әрі 5%-ға дейін төмендейді) аралық заем алу мүмкіндігіне ие болады.

«Қазфосфат» ЖШС қызметкерлерін несиелендірудің арнайы бағдарламасы «Корпоративтік өнім» аясында іске қосылды. Жаңа жоба болашағынан үлкен үміт күттіретін жас мамандарды қолдауға, компанияның әлеуметтік пакетін толықтыруға және HR брендін нығайтуға көмектеседі.

- Компаниямыздың өркендеуіне, ілгерлеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген, 7 174-тен астам қызметкерлерімізді басты құндылығымыз деп санаймыз. Біздің міндетіміз – осы жұмысшыларымызға әртүрлі әлеуметтік салада барынша қолдау көрсетіп, пайдамызды тигізу, - деп атап өтті «Қазфосфат» ЖШС басшылығы.

«Қазфосфат» ЖШС мен Отбасы банк арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға 2022 жылдың 18 қазанында, «Аммофос-2» минералды тыңайтқыштар шығаратын жаңа цехының ашылуы барысында қол қойылды.

– «Корпоративтік өнімнің» көмегімен «Қаражанбасмұнай», ERG компанияларының қызметкерлері, Қарағанды ​​облысының кеншілері мен металлургтері баспанаға қол жеткізді. Бұл кәсіпорындар үшін өз қызметкерлерін қолдау стратегиялық түрде маңызды. Өйткені, олар компания үшін құнды ресурс болып табылады. Көп ұзамай Тараз қаласының жұмысшылары да «Қазфосфат» компаниясының қолдауымен қоныс тойын тойлайтындары бізді қуантады. Осылайша, компаниясы баспана мәселесін шешіп қана қоймай, жоғары білікті мамандар корпусын қалыптастырмақ, – деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

Отбасы банкінің «Корпоративтік өнімі» жеке компанияларға, кәсіпорындарға, коммуналдық ұйымдарға өз қызметкерлерін жеңілдетілген шарттармен баспанамен қамтамасыз етуге көмектеседі.

Қазір Отбасы банк «Корпоративтік өнім» аясында серіктестер санын арттыру бойынша бірқатар келіссөздер жүргізіп жатыр және жаңа компаниялармен ынтымақтастыққа ашық.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру