Отбасы банк Қазақстандағы ESG клубының негізін қалаушылардың бірі және мүшесі атанды | ESG клубын құру туралы келісімге 19 отандық компания қол қойды. Олардың қатарында «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Қазақстан қор биржасы, екінші деңгейлі банктер, ірі қазақстандық кәсіпорындар және Отбасы Банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бар. Ұлттық ESG клубының ашылуы «Astana Finance Days 2022» қаржылық конференциясы аясында клубтың серіктес компанияларының жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен өтті.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк Қазақстандағы ESG клубының негізін қалаушылардың бірі және мүшесі атанды

Отбасы банк Қазақстандағы ESG клубының негізін қалаушылардың бірі және мүшесі атанды

30 маусым 2022

ESG клубын құру туралы келісімге 19 отандық компания қол қойды. Олардың қатарында «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Қазақстан қор биржасы, екінші деңгейлі банктер, ірі қазақстандық кәсіпорындар және Отбасы Банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бар. Ұлттық ESG клубының ашылуы «Astana Finance Days 2022» қаржылық конференциясы аясында клубтың серіктес компанияларының жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен өтті.

ESG клубы ESG қағидаларын ілгерілететін жауапты инвесторлар мен компанияларды тартудың алдыңғы қатарлы алаңына айналмақ. Оның қатысушылары тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге, энергия тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға келтірілетін зиянды азайтуға, еңбек жағдайларын жақсартуға және адам құқықтарын сақтауға, ESG саласындағы озық тәжірибені кеңінен таратуға үлес қосады.

- ESG қағидаттары Отбасы банкінің миссиясымен үндес. Ол өте қарапайым – қазақстандық отбасыларды жеке баспанамен қамтамасыз ету және Отан сүйгіштік сезімді нығайту. Өз үйің, пәтерің болса, еліңе деген сенім артады, отбасын құруға, дүниеге бала әкелуге, Қазақстанның игілігі үшін еңбек етуге ұмтылыс пайда болады. Отбасы Банк тұрақты даму қағидаттарын жүзеге асыра отырып, азаматтардың әртүрлі санаттарымен, соның ішінде табысы өте төмен және несие алу үшін бастапқы жарнасы жоқ азаматтармен жұмыс істейді. Бұл ретте біз оларға жеңілдікпен баспана алуға көмектесеміз. «Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында 50 мыңнан астам қазақстандық отбасы қоныс тойын тойлады, – деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Сондай-ақ банк гендерлік құқықтарды да жүзеге асыруда. Ол Орталық Азияда алғашқылардың бірі болып «Ұмай» әйелдерді несиелендіру бағдарламасын бастады. Оның көмегімен қазірдің өзінде 1 895 қазақстандық қыз-келіншек қолжетімді шарттармен тұрғын үйді сатып алды.

Отбасы Банкінің рефералды клиенттері үшін жинақтау мерзімі 10 жыл болатын «Арнау» арнайы балалар депозиті бар. Бұл құрал баспана мәселесін шешіп қойған ата-аналарға балаларының болашағы үшін ақша жинап, еліміздегі ең тиімді шарттармен баспана сатып алуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде Отбасы банкінде 23 мыңнан астам депозит ашылды.

Болашақта Отбасы Банк «жасыл» ипотека бағдарламасын іске қосып, қазақстандық жастардың жеңілдетілген несиелерге қолжетімділігін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл шаралар энергия үнемдейтін тұрғын үй құрылысын дамытып, сапасын жетілдіріп, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және білікті кадрлардың шетелге кетуін азайтуға мүмкіндік береді.                                 

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру