Бүгін Отбасы банкте ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) "Отау" және "Наурыз" бағдарламаларына қатысуға қосымша қабылдау басталды.
Ең алғашқы өтінім елорданың 23 жастағы тұрғынынан қабылданса, екіншісі өтінім Алматыдан қабылданды.
Өтінімдерді қосымша қабылдау 25 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) жалғасады.
Қатысуға өтінімді Баспана маркет порталы (otbasybank.kz) арқылы жолдауға болады. Бұл мүмкіндік бұған дейін "Отау" және "Наурыз" бағдарламаларына қатысушылардың негізгі тізіміне енбеген, сондай-ақ банктің тұрғын үй бағдарламаларына қатысу туралы енді шешім қабылдаған қазақстандықтар үшін қол жетімді.
Клиенттердің тәжірибесін зерттеп, азаматтардың тілектерін тыңдағаннан кейін Отбасы банк "Отау" және "Наурыз" бағдарламаларының шарттарын бір жүйеге келтіру туралы шешім қабылдады.
Енді Отау бағдарламасына қатысушылар үшін:
- салымды жинақтау мерзіміне шарттар қойылмайды, депозитті қатысуға өтінім берер алдында ашуға болады;
- заемдардың максималды сомасы ұлғайтылды – Астана, Алматы қалаларында 36 млн теңге және басқа өңірлерде 30 млн теңге;
- Алматы және Астана қалаларында тұрғын үй сатып алу орны бойынша тіркелу талабы жойылды;
- халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы тұрғын үйге мұқтаж жан ретінде есепте тұрған адамдар үшін сыйақы мөлшерлемесі 7%-ға (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін) дейін төмендетілді;
- Наурыз бағдарламасы негізінде екі бағдарлама бойынша бірдей жүргізілетін ұпай есебі.
Бүгінгі таңда 2 200-ден астам қазақстандық отбасы "Наурыз" бағдарламасы бойынша қоныс тойын атап өтті, ал «Отау» бағдарламасы бойынша тағы 1 784 адам заем алды. Тағы 5000-ға жуық адам заемдар бойынша мақұлдау алып, қазір сатып алуға қолайлы баспана іздеуде. Баспана маркет порталында (otbasybank.kz) қатысушылардың таңдауына 592 тұрғын үй кешені ұсынылған, онда қазір 9 190 пәтердің кез келгенін брондауға болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!