Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
"Наурыз" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 28 маусымында аяқталады

"Наурыз" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 28 маусымында аяқталады

27 июня 2024

35 жасқа дейінгі, балалары бар, тұрмыстағы келіншек – "Наурыз" бағдарламасының әлеуетті қатысушысының портреті осындай.

Бүгінде әсіресе еліміздің жас азаматтары Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) іске асырып жатқан жаңа мемлекеттік бағдарламаға қатысуға белсенді түрде өтінім беруде.

Қазір 33 794 өтінім сәтті қабылданды. Оның 62%-ы 35 жасқа дейінгі қазақстандықтарға тиесілі.

Алматы, Астана және Шымкент қалаларымен қатар тұрғын үй сатып алу үшін таңдалған бес қала мен өңірдің қатарына Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары кірді.

Сәтті қабылданған өтінімдердің тең жартысы балалары бар, отбасылы қазақстандықтардан қабылданған. Бұл өтініштердің басым бөлігін – 18 960 өтінішті әйелдер жолдаған.

Өтінімдердің шамамен 40%-ы халықтың әлеуметтік осал топтарынан қабылданды, оның ішінде:

- Ата-ана қамқорлығынан айырылған балалардан 129 өтінім қабылданды;

- 1 және 2 топтағы мүгедектерден 306 өтінім қабылданды;

- Көп балалы отбасылардан 1 951 өтінім қабылданды;

- Толық емес отбасылардан 3 237 өтінім қабылданды;

- Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардан 277 өтінім қабылданды.

Отбасы банк "Наурыз" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау мерзімі 2024 жылдың 28 маусымында, сағат 21:00-де аяқталатынын еске салады. Өтінімдер Баспана маркет платформасында қабылданады (otbasybank.kz).

Өтініш беру процесін бастаған, алайда қандай да бір себептермен оны аяқтамаған банк клиенттері асығулары керек. Бұл өтінімдерді 2024 жылдың 29 маусымы, сағат 13:00-ге дейін аяқтау қажет. Осы уақыттан кейін барлық аяқталмаған өтінімдер қандай сатыда болса да жойылады.

- "Отау" бағдарламасы бойынша тізімге енбеген және "Наурыз" бағдарламасы бойынша қатысушылар пулына кірмейтін клиенттеріміз үшін өте жақсы жаңалығымыз бар. Осы жылдың 16 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында біз осы екі бағдарламаға қатысуға қосымша қабылдау жариялауға дайынбыз. Бұл мыңдаған азаматқа жаңа жылға дейін тұрғын үй алып, қоныс тойын атап өтуге қосымша мүмкіндік береді, - деп атап өтті "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұпайларды санау және тізімді саралау автоматты режимде басталады. Яғни, қатысушылардың өтінімдерін жүйе ең көп жиналған балл бойынша бөледі.

Ұпайлар қалай есептеледі?

- салым бойынша сыйақы мөлшері - әрбір 1 000 теңге үшін 1 ұпай;

- тіркелген некенің болуы - 5 ұпай;

- балалардың болуы - 10 ұпай (балалар санына қарамастан);

- халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) мәртебесінің болуы - 10 ұпай;

- 35 жасқа дейінгі жас (қоса алғанда) – 5 ұпай.

Егер екі қатысушының ұпайлар саны сәйкес келсе, онда тізімге енгізу кезінде басымдық салым сомасы көп және жинақтау мерзімі ұзағырақ адамға беріледі.

Тізімді саралау 2024 жылдың 1-14 шілде аралығында жүргізіледі. "Наурыз" бағдарламасы бойынша өткен қазақстандықтардың тізімі банк сайтында жарияланады.

Содан кейін қатысушылардың несиелік өтінім беруге тағы 1,5 ай уақыты болады.

Егер бағдарламаға қатысушы заем бойынша оң мақұлдау алса, онда желтоқсан айының ортасына дейін баспана тауып, оны сатып алуға уақыты болады.

"Наурыз" бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алу бойынша келесі шарттар ұсынылады:

- алғашқы нарықтағы тұрғын үй, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты және сақтандыру құралы бойынша;

- моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде екінші нарықтағы тұрғын үй, жылына бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 30%-нан аспайтын көлемде.

Бағдарламаға қатысушы пәтерді Баспана маркет (otbasybank.kz) порталынан таңдап, брондап, сатып алады. Бұл қызмет жаңа тұрғын үй бағдарламасының басталуы аясында тұрғын үй бағасының жасанды өсуіне жол бермеуге арналған.

Қазіргі уақытта Баспана маркет порталында (otbasybank.kz) "Отау" бағдарламасының қатысушылары мен "Наурыз" бағдарламасының болашақ қатысушылары үшін тұрғын үй нысандары белсенді түрде орналастырылуда. Қазір таңдауға 9 498 пәтерге арналған 337 тұрғын үй кешені ұсынылған. Бұл тізім күн сайын толықтырылып отыр.

"Наурыз" бағдарламасының шарттары:

  • алғашқы жарна - 20%-данбастап;
  • тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 7%(ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін);
  • азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 9%(ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін);
  • несие мерзімі - 19 жылға дейін.

Заемның ең жоғарғы мөлшері:

- Алматы мен Астана қалалары үшін - 36 млн теңгеге дейін.

- қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру