Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Ұлыстың ұлы күні Батыс Қазақстан облысының 80 тұрғыны пәтерлі болды

Ұлыстың ұлы күні Батыс Қазақстан облысының 80 тұрғыны пәтерлі болды

21 марта 2024

Баспасөз мәлімдемесі

Наурыз мерекесі күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) филиалы директорының орынбасары Нұржан Қалишанов «2-10-20» бағдарламасына қатысушыларды қоныс тойларымен құттықтады.

Жергілікті әкімдік көмегімен салынған жаңа пәтерлер бағдарлама қатысушыларына таза әрлеуде берілді. Ондағы 1 шаршы метр құны 200 000 теңгеден сатылды.

Жаңа баспанаға Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға қабылданған тұжырымдамасына сәйкес, бірнеше жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қол жеткізді.

Екі бөлмелі пәтерде қоныс тойын анасымен бірге Ақгүл Нұрлыбаева да атап өткелі отыр. Келіншек II топтағы мүгедектігіне байланысты көп жылдан бері үй кезегінде тұрған екен. Енді міне, Наурыз мерекесі күні көптен бері тағатсыздана күткен «баспаналы болсам» деген арманы орындалып жатыр.

- 2008 жылдан бері үй кезегінде тұрдық. Бүгін бұйыртып 2 бөлмелі пәтер алып отырмыз. Үйіміз кең, жарық, әдемі. Жақын жерде аурухана бар, анамның жұмысынан да алыс емес. Несие бойынша ай сайын шамамен 70 мың теңгеден төлейтін боламыз. Бұл қаржы әрине үй жалдап тұрғаннан әлдеқайда төмен. Қуанышымызда шек жоқ.

Жаңа үйінің кілтін алғандардың қатарында Сағындық Спалдьяров та бар. I топтағы мүгедектігі бар азамат екі баланың әкесі. Мектеп жасындағы қос жеткіншектеріне де ерекше күтім қажет екен.

- 2020 жылы депозит ашып, ішіне 3 млн теңге қаржы жинап қойғанмын. Міне бүгін сол қаражат пәтеріміздің алғашқы жарнасына жарап отыр. Осыған дейін анаммен бір шаңырақ астында тұрып келдік. Жеке шығуға шамамыз келмеді. Жалдамалы үйлердің құны шарықтап тұр, бағасы айына 100 мың теңгеден асады. Оның өзі біреудің қалтасына кетеді. Сондықтан бүгін ерекше қуанып тұрмыз. Отбасы банкіне, ішіндегі қызметкерлеріне айтар алғысым зор.  

Бағдарлама аясында Отбасы банк жылдық 2 пайыздық мөлшерлемемен (ЖТСМ 2,1% бастап) заем беріп отыр. Ал алғашқы жарна баспана құнының не бәрі 10 пайызына ғана тең.

– Баспаналы болғандардың қатарында I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың саны басым. Елімізде осы санаттағы азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Әсіресе, олардың қолдауы үшін «2-10-20» (Бақытты отбасы) мемлекеттік бағдарламасы қолға алынды. Олардың арасында енді Батыс Қазақстан облысының да азаматтары бар. Қаражаты бастапқы жарнаға жетпеген әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарға жергілікті бюджеттен қайтарымсыз көмек ретінде 1,5 млн теңгеге дейін тұрғын үй сертификаттары берілді – дейді «Отбасы банк» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Нұржан Қалишанов.

Жалпы жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында жылжымайтын мүлік алу мақсатымен тағы 3000-ға жуық өңір азаматы жаңа депозит ашқан.

Анықтама үшін: Отбасы банк 2016 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламалар аясында кезекте тұрған 81 644 адамның тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесті. «2-10-20» (Бақытты отбасы) бағдарламасы бойынша 19 058 қазақстандықтың баспана мәселесі шешілді, «5-10-20» (Шаңырақ) және «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша 62 586 адам қоныс тойын тойлады.


***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру