Қазақстандық құрылыс салушы Отбасы банк клиенттеріне номиналы 1,5 млн теңге болатын тұрғын үй сертификаттарын ұсынады | Ауқымды бірлескен жобаны Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы), Qazaq Story және Exclusive Qurylys құрылыс компанияларының ортақ бизнес-бірлестігі іске қосады. Ол баспана алу қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қазақстандық құрылыс салушы Отбасы банк клиенттеріне номиналы 1,5 млн теңге болатын тұрғын үй сертификаттарын ұсынады

Қазақстандық құрылыс салушы Отбасы банк клиенттеріне номиналы 1,5 млн теңге болатын тұрғын үй сертификаттарын ұсынады

21 сәуір 2025

Ауқымды бірлескен жобаны Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы), Qazaq Story және Exclusive Qurylys құрылыс компанияларының ортақ бизнес-бірлестігі іске қосады. Ол баспана алу қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Тараптар Отбасы банкінің клиенттеріне құрылыс салушыдан номиналы 1,5 млн теңге болатын тұрғын үй сертификаттарын алуға мүмкіндік беретін меморандумға қол қойды. Барлығы 1000 сертификат бөлінеді. Олардың Qazaq Stroy және Exclusive Qurylys компаниялары салған тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді таңдайтын банк клиенттеріне арналған.

- 2023 жылы біріккен Qazaq Stroy және Exclusive Qurylys атты біздің компанияларымыздың алдында «әрбір азаматтың өз үйінде тұруға мүмкіндігі болуы керек» деген қарапайым, бірақ өте маңызды мақсат тұр. Осы себепті Отбасы банкімен бірлесіп маңызды әлеуметтік жобаны іске қостық. Біздің тұрғын үй сертификаттарымызды пайдалана отырып, қазір сатылымда бар 2 000 дайын пәтерден тұрғын үйді таңдауға және сатып алуға болады. Соның ішінде бізден таза әрлеудегі пәтерлерді де сатып алуға болады, - деп атап өтті Qazaq Stroy компаниясының атқарушы директоры Болат Ибрагимұлы.

Жыл соңына дейін Qazaq Stroy және Exclusive Qurylys компаниялары 10 мыңға жуық пәтерді саудаға шығармақ. Қазір клиенттердің таңдауына Астанада екі және Алматыда жиырмадан астам нысан бар. Тұрғын үй әр түрлі баға сегментінде ұсынылады, Алматы қаласында аталмыш компаниялардың нысандары әр ауданда ұсынылған.

- Тұрғын үй сертификаттарын біздің банктің барлық клиенттері пайдалана алады. Бұл ұсыныс әсіресе "Наурыз" бағдарламасына және "Наурыз жұмыскер" бағытына қатысушылар үшін өзекті. Олардың көпшілігі несие бойынша мақұлдау алды және баспана іздеуде. Бастапқы жарнаны толтыруға қаражаты жетіспейтін және дәл қазір қосымша мүмкіндік іздеп жүрген клиенттер бар. Оларға номиналы 1,5 млн теңге болатын сертификаттар айтарлықтай қолдау болады және көптеген клиенттерімізге жеке баспана алу мүмкіндігін қолжетімді етпек, - деп атап өтті Отбасы банк Алматы қалалық филиалының директоры Данагүл Түсіпова.

Отбасы банк клиенттері номиналы 1,5 млн теңге болатын тұрғын үй сертификатын алу үшін:

1. Отбасы банкінен несие бойынша алдын ала мақұлдау алу;

2. Qazaq Stroy және Exclusive Qurylys компанияларынан ауданы кемінде 50 шаршы метр болатын қолайлы пәтерді таңдау;

3. Құрылыс салушы компаниямен тұрғын үй сертификатын беру туралы келісімге қол қою;

4. Құрылыс салушымен алдын ала сатып алу-сату шартына қол қою;

5. Содан кейін құрылыс салушы компания сертификат сомасын Отбасы банкіндегі клиенттің жинақ шотына аударады;

6. Клиент заем алуға мақұлдау алады, пәтерді сатып алу-сату шартын жасап, кредитті ресімдейді.

Сертификаттың қолданылу мерзімі - оны алған сәттен бастап 6 ай.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру