Бүгін Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы ретінде KASE Қазақстандық қор биржасынан марапат алды. Сондай-ақ, Отбасы банк KASE тағайындаған "Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп" дипломымен марапатталы.
Отбасы банк "Наурыз" жаңа тұрғын үй бағдарламасының қатысушылары, 7 745 қазақстандыққа қоныс тойын атап өтуге көмектесті. Жобаны қаржыландыру үшін Отбасы банк алғаш рет жалпы сомасы 209,9 млрд теңгеге әлеуметтік облигациялар шығарды. Одан түскен қаражат қазақстандықтарға қолжетімді шарттармен жеке баспана сатып алуға көмектесті.
"Наурыз" бағдарламасына қатысушылар сатып алған жылжымайтын мүліктің орташа құны 27,1 млн теңгені құрады, 1 шаршы метрдің орташа бағасы 408 432 теңгеге тең болды.
7 745 жаңа қоныстанушының 5 666-ның балалары бар, ал 4 564 заем алушы – отбасылық адамдар. Қатысушылардың орташа жасы - 35 жас. Яғни "Наурыз" бағдарламасы тұрақты тұрмыстық жағдайға мұқтаж жас қазақстандықтарды қолдау құралдарының біріне айналғанын білдіреді.
Сондай-ақ, "Наурыз" бағдарламасына көп жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері қатысты. Отбасы банк оларға төмендетілген мөлшерлеме бойынша тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік берді – жылдық 7% (ЖТСМ 7,1-ден 9,6%-ға дейін), ал барлық қазақстандықтар үшін "Наурыз" бағдарламасы шеңберінде кредит бойынша мөлшерлеме жылдық 9% (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) құрайды.
Енді "Наурыз" бағдарламасының арқасында өз үйлерінде 1 және 2 топтағы 44 мүгедектігі бар адам, 530 көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 88 отбасы, "жетім балалар" санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 24 қазақстандық, 840 толық емес отбасы, бюджеттік ұйымдардың 747 қызметкері, 292 әскери қызметші мен мамандандырылған мемлекеттік органдардың қызметкерлері тұрып жатыр. Аталмыш бағдарламаның көмегімен баспана мәселесін тұрғын үй кезегінде тұрған бас-аяғы 3 560 адам шешті.
- Отбасы банкінің әлеуметтік облигациялары тек бағалы қағаздар емес. Бұл еліміздің әлеуметтік саясатын қолдау және мыңдаған қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін мемлекет пен бизнестің күш-жігерін біріктірген құрал. Мысалы, "Наурыз" бағдарламасы бойынша қолжетімді қарыздардың шамамен 7% көпбалалы отбасылар алды. Егер отбасында кемінде 4 бала тәрбиеленеді деп есептесек, қазір 2 120 кішкентай қазақстандық өз үйлерінде тұрып жатыр. Бұл бірінші кезекте балалардың қауіпсіздігі, ертеңгі күнге сенімдік, жылулық және тұрақтылық. Қор биржасында біздің облигацияларды сатып алған инвесторлар іс жүзінде "Наурыз" бағдарламасының қатысушылары болды. Олар аса мұқтаж азаматтардың санаттарына қолжетімді кредит беру үшін қорландыруды ұсынды, - деп атап өтті Отбасы банкінің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
"Наурыз" бағдарламасы 2024 жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске қосылды. Бағдарламаны қорландыру үшін банк инвесторлардың шексіз шеңберіне әлеуметтік облигациялар шығарды. Кез келген компания немесе тіпті жеке тұлға сауда-саттыққа қатысып, банк облигацияларының иесі бола алды. Өткен жылдың шілде және желтоқсан айларында әлеуметтік облигациялар сәтті орналастырылды. Орналастыру кірістілігі орналастыру кезіндегі базалық мөлшерлеме деңгейіне сәйкес келді. Облигацияларды алғандардың ішінде екінші деңгейдегі банктер мен брокерлік ұйымдар – 42%, сақтандыру ұйымдары – 34%, институционалдық инвесторлар -24% болды.
Отбасы банкінің әлеуметтік облигацияларын сатып алу арқылы инвесторлар қандай артықшылықтарға ие болады:
- Отбасы банк - егемендік деңгейінде рейтингі бар сенімді және тұрақты қаржы институты;
- Отбасы банкінің ҚР қаржы агенттіктерінің тізбесіне кіруіне, сондай-ақ облигациялардың KASE "ресми" тізіміне енгізілуіне байланысты купондық сыйақы үшін салық салынбайды;
- Банктің облигациялары репо мемлекеттік қатысу үлесі бар эмитенттің облигациялары себетіне енгізілетін болады және олар бойынша маркет-мейкердің болуы болжанады;
- облигациялардың айналыс мерзімі - 5 жыл;
- купонды төлеу мерзімділігі - жылына 2 рет.
Биыл банк "Наурыз" бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырады. Оның басталуы наурыз айының басында жоспарланған. Бағдарламаны қаржыландыру үшін 2025 жылы банк әлеуметтік облигацияларды орналастыруды жоспарлап отыр және кез келген инвестор, соның ішінде жеке тұлға сенімді және тартымды қаржы құралына инвестиция жасай алады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!