Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаждар ретінде есепке қоюға өтінім беру жөніндегі нұсқаулық

«Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаждар ретінде есепке қоюға өтінім беру жөніндегі нұсқаулық

27 тамыз 2026

Тұрғын үйге мұқтаждар ретінде есепке қою туралы өтінімді ORKEN.OTBASYBANK.KZ платформасында берген кезде өтініш беруші «Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатын өз бетінше таңдайды.

Өтінім берілгеннен кейін жүйе мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде өтініш беруші туралы мәліметтерді автоматты түрде тексереді.

Егер тиісті мәртебені растайтын қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар болса, санат автоматты түрде расталады. Бұл жағдайда қосымша растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Егер қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаса, автоматты тексеру нәтижесінде өтініш берушіге есепке қоюдан бас тарту туралы шешім шығарылады.

Мұндай жағдайда өтініш беруші тұрғын үйге мұқтаждар ретінде есепке қою туралы өтінімді қайтадан беріп, «Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатын қайта таңдап, тиісті мәртебені растайтын құжаттарды қоса тіркеуі қажет.

1. Сайтқа кіру

Өтінім беру үшін ORKEN.OTBASYBANK.KZ сайтына кіру қажет.

2. Авторизациядан өту

Жүйеде жұмысты жалғастыру үшін ЭЦҚ-ны (электрондық цифрлық қолтаңбаны) пайдалана отырып, авторизациядан өту қажет.

3. Өтінім беру

Сайтқа кіргеннен кейін «Өтінім беру» батырмасын басу қажет.

4. Санатты таңдау және құжаттарды ұсыну

«Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатын таңдаңыз.

Егер тиісті мәртебені растайтын мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар болса, қосымша құжаттарды қоса тіркеу талап етілмейді. Тексеру нәтижесінде санат автоматты түрде расталады.

Егер қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаса және тексеру нәтижесінде өтініш берушіге бас тарту туралы шешім шығарылса, өтінімді қайтадан беру қажет. Бұл ретте жоғарыда көрсетілген санатты қайта таңдап, растайтын құжаттарды қоса тіркеу керек.

Ата-анасының қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттарға мыналар жатады:

Жетім балалар үшін:

  • ата-анасының екеуінің де қайтыс болғаны туралы куәлік (хабарлама);
  • анасының қайтыс болғаны туралы куәлік (хабарлама) және әкесі туралы мәліметтердің анасының сөзі бойынша жазылғанын растайтын № 11 туу туралы анықтама.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін:

  • ата-анасының ата-ана құқықтарынан айырылғанын, ата-ана құқықтарының шектелгенін, хабар-ошарсыз кеткен деп танылғанын, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектелген) деп танылғанын не қайтыс болды деп жарияланғанын растайтын сот шешімі;
  • ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқанын растайтын сот үкімі;
  • ата-анасын іздестіру жүргізілгенін растайтын құжаттар;
  • ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ уақыт емделіп жатқанын растайтын құжаттар;
  • баланың (балалардың) тастанды ретінде табылғаны туралы акт;
  • баланың (балалардың) қараусыз қалдырылғаны туралы акт;
  • медициналық ұйымдарда жазылған баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш.

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беріңіз.

Қажетті мәліметтерді толтырғаннан кейін «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.

5. Өтінімге қол қою

Санатты таңдағаннан, қажетті құжаттарды (қажет болған жағдайда) ұсынғаннан және дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім бергеннен кейін есепке қою туралы өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.

6. Өтінімді жіберу

«Жіберу» батырмасын басыңыз.

7. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтерді сұрату

Өтінім қалыптастырылғаннан кейін жүйе өтініш беруші туралы мәліметтерді автоматты түрде тексеру үшін мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сұрау салулар жібереді.

Тексеру нәтижесінде жүйе өтініш берушінің таңдалған санатқа сәйкестігін анықтайды.

8. Жақын туыстарының келісімін беруі

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерден жауаптар алынғаннан кейін жүйе жақын туыстарынан дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруді талап етуі мүмкін.

Мұндай келісім қажет болған жағдайда жақын туыстары:

  • «Кіру» батырмасын басу арқылы ORKEN.OTBASYBANK.KZ сайтына авторизациядан өтуі;
  • өтініш беруші жасаған өтінімді ашуы;
  • дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілетін келісіммен танысуы;
  • келісімге ЭЦҚ арқылы қол қоюы қажет.

9. Өтінімнің мәртебесін бақылау

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерден қажетті жауаптар алынғаннан және талап етілетін келісімдер берілгеннен кейін өтінім қарауға жіберіледі.

Өтініш беруші берілген өтінімнің мәртебесін ORKEN.OTBASYBANK.KZ платформасындағы жеке кабинеттен бақылауы қажет.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру