Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі 2023 жылдың 21 ақпанында «Отбасы Банк» АҚ-ның ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингін (ЭДР) «ВВВ» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты».
Банк рейтингін растау арқылы Fitch Ratings агенттігі, қаржы институтына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілу ықтималдығы жоғары деген пікір білдірді.
Fitch Ratings баяндамасында атап өтілгендей, Отбасы банкінің несие сапасы жоғары, табыстылығы үлкен, капиталының жоғары жеткіліктілік қоры мен қажетті өтімділік көлемі бар.
Ұлттық бағам бойынша ең жоғары рейтинг: Банктің ұлттық бағамдағы ұзақмерзімді рейтингі «AAA(kaz)» тең, бұл қаржы институтының Қазақстандағы ең күшті эмитенттердің қатарында тұрғаны туралы Fitch пікірін растайды.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Отбасы банк» АҚ жеке тұлғалардың ұзақмерзімді депозиттерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 42% үлеспен және 58% үлеспен ипотекалық несиелендіру портфелі бойынша бірінші орында тұр. Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысушылардың саны 2,5 млн адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 26,7 пайызын құрады. 2023 жылдың 1 қаңтарында банк активтері 3,4 трлн теңгеге жеткен.
Бүгінгі күні банк NPL ең төменгі деңгейіне ие (90 күннен астам мерзімі өткен несиелер), қазір ол 0,08%, орташа банк деңгейі 3,53% құрайды.
***
««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!