Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі 2024 жылдың 16 тамызында "Отбасы банк" АҚ-ның ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингін (ЭДР) "ВВВ" деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам "Тұрақты".
Банк рейтингін растау арқылы Fitch Ratings агенттігі, қаржы институтына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілу ықтималдығы жоғары деген пікір білдірді.
Fitch Ratings пікірінше, Отбасы банкінің несие сапасы мықты, капиталының жоғары жеткіліктілік қоры мен қажетті өтімділік көлемі бар.
Бүгінгі күні банктің NPL деңгейі өзге екінші деңгейлі банктермен (әрі қарай-ЕДБ) салыстырғанда ең төмен көрсеткіштердің біріне ие. Кредиттік портфельде төлемдері 90 күннен артық кешіктірілген қарыздардың мөлшері нарық бойынша орташа 3,09% деңгейінде болса, Отбасы банкінде ол 0,11%-ға тең.
Банктің елімізде берілетін барлық ипотекалық портфеліндегі үлесі 53% тең (2024 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша). Жыл басынан бергі 7 айда 34 713 банк клиенті заем рәсімдеп, қоныс тойын атап өтті. Бұл ретте 27 619 несие қазақстандықтарға нарықтық жағдайлар бойынша тұрғын үй сатып алу үшін берілді. Бұл банк клиенттерінің 79,6%, яғни осыншама қазақстандық мемлекеттік бағдарламалардан тыс, алғашқы жарнасын жинап, коммерциялық нарықтан қолжетімді жағдаймен тұрғын үй сатып алу үшін ипотека алды деген сөз.
Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысушылардың саны 2,8 млн адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 29% құрайды.
2024 жылы еліміздегі ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен несие алып, тұрғын үй сатып алу үшін Отбасы банкінде 277 220 қазақстандық жаңа салымдар ашты.
Нәтижесінде теңгедегі ұзақ мерзімді қазақстандық салымдардағы банктің үлесі 33% құрайды.
Отбасы банкінде депозитті банк кеңесшілеріне жолығып ашуға болады. Сондай-ақ, жинақ шотын қашықтан, бейне-оператор немесе мобильді қосымша көмегімен де ашуға мүмкіндік бар.
Қазір Отбасы банк Қазақстандық ЕДБ арасында активтер мен меншікті капитал бойынша 4-ші орында.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!