Бес күннің ішінде enpf-otbasy.kz платформасына БЗТ қолдану туралы 30 мың өтініш түскен | Жолданған өтініштердің жалпы сомасы 190 млрд теңгеге тең. Олардың дені «Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыру» атты жаңа мақсатқа тиесілі. Бұл батырма 2021 жылдың 16 желтоқсанында тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін www.enpf-otbasy.kz порталында қолжетімді болды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Бес күннің ішінде enpf-otbasy.kz платформасына БЗТ қолдану туралы 30 мың өтініш түскен

Бес күннің ішінде enpf-otbasy.kz платформасына БЗТ қолдану туралы 30 мың өтініш түскен

22 желтоқсан 2021

Баспасөз мәлімдемесі

Жолданған өтініштердің жалпы сомасы 190 млрд теңгеге тең. Олардың дені «Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыру» атты жаңа мақсатқа тиесілі. Бұл батырма 2021 жылдың 16 желтоқсанында тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін www.enpf-otbasy.kz порталында қолжетімді болды.

22 мыңнан астам қазақстандық 145 млрд теңге көлеміндегі жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін Отбасы банкіндегі депозиттеріне аударуды жоспарлаған. Қазіргі кезде БЖЗҚ-да 21 млрд теңгеге 5 177 өтініш қаралып жатыр. 5 450  жуық адамның өтініші қанағаттандырылып, олардың Отбасы банкіндегі депозиттері БЗТ қаражатымен толықты. Тағы 4 222 қазақстандық нысаналы мақсатын өзгертіп, 8,2 млрд теңгеге тең қаражатын Отбасы банкіндегі жинақ шоттарына жіберген. Сондай-ақ 5 800 адамның өтініші бойынша арнайы ағымдағы шоттарына 8,5 млрд теңге сомасындағы зейнетақы жинақтарының қаражаты түскен, қазіргі уақытта бұл клиенттер депозит таңдап, оған аударым жасаулары қажет.

Жалпы соңғы бес күннің ішінде БЗТ-ін БЖЗҚ-нан аудару үшін қазақстандықтар Отбасы банкінде 19 883 арнайы ағымдағы шот пен 12 587 жаңа депозит ашқан.

- Біз техникалық тұрғыда алдын ала дайындалдық, соның арқасында 2021 жылдың 16 желтоқсанында enpf-otbasy.kz порталында депозиттерді зейнетақы жинақтарымен толықтыру атты жаңа қызмет қолжетімді болды. Біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған Отбасы банк депозиттері салымшылардың өзге де қарыздық міндеттемелері бойынша үшінші тұлғалардың талап-арыздарынан қорғалатыны маңызды. Бұл салымдарға Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қалыпты шарттары қолданылады. Яғни, 200 АЕК-тен аспайтын жылдың жинақ сомасына 2% мөлшеріндегі банк сыйақысы мен 20% мөлшеріндегі мемлекеттік сыйлықақы жыл сайын қосылып отырады. Осылайша, азаматтарымыз баспанаға қажетті қаражатты тезірек жинап, көптен күткен қоныс тойын тойлай алады, – деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Депозитті толықтыру қызметін пайдалану үшін бірнеше қадам орындау қажет. Алдымен ЭЦҚ арқылы www.enpf-otbasy.kz платформасына өтіп, жеке кабинетте қолданыстағы депозит пен арнайы ағымдағы шоттың бар-жоғын тексеру керек. Егер депозит бар, алайда арнайы ағымдағы шот жоқ болса, платформадан шықпай оны ашу туралы өтінімге қол қою қажет, сонда жүйе оны автоматты түрде ашады. Ал депозит болмаған жағдайда, оны Отбасы банкінде алдын ала ашу керек.

 Осы әрекеттер орындалғаннан кейін, www.enpf-otbasy.kz порталында өтініш қалыптасып, БЖЗҚ-ға жіберіледі. БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде өтінішті қарастырып, БЗТ Отбасы банкіндегі арнайы ағымдағы шотқа аударады. Сол жерден қаражат депозитке түседі.

3 жылдың ішінде Отбасы банк депозитінің көмегімен, оған аударылған БЗТ-ны қолдана отырып баспана алу үшін тұрғын үй, аралық немесе алдын ала заем рәсімдеу қажет. Егер банк клиенті бұл аралықта зейнетақының артық қаражатын пайдаланып үлгермесе, ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Зейнетақы қаражатын қамтитын Отбасы банк депозиттерін келесі мақсаттарға пайдалануға болады:

- тұрғын үй сатып алу үшін Отбасы банкінен заем алу (оның ішінде бір банктік несие шарты бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу);

- Отбасы банкінде заемды қайта қаржыландыру;

- жеке тұрғын үй құрылысы (оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық сияқты нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда).

Зейнетақының шектік көлемінен асқан сомасы қосылған депозитке келесідей шектеулер қолданылады:

Депозитті жауып, зейнетақы төлемдерін алу мүмкін болмайды. Шот жабылған жағдайда, қаражат БЖЗҚ-ға қайта аударылады.

Мұндай депозит туыстарға табысталған жағдайда да, банк шотындағы БЗТ қаражаты зейнетақы қорына қайтарылады.

Депозитті бөлген жағдайда, азаматтарымыз жеке жинақтаған қаражаттарын ғана алуға құқылы.

БЗТ белгісі бар депозиттер бір салымшыға тиесілі болған жағдайда оларды біріктіруге рұқсат етіледі.

Интернет-банкингте БЗТ белгісі бар депозиттерді сатуға тыйым салынады. Оларды сондай-ақ үшінші тараптың кепілгер депозиті ретінде де пайдалануға болмайды.

Отбасы банкіндегі депозитті толықтыру мүмкіндігінен бөлек, Ережеде БЗТ-ің көмегімен жеке жер телімін сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған. Оның нысаналы мақсаты – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық болуы керек екенін ескерген жөн. 24 айдың ішінде аталмыш жер теліміне үй салып, оның мақсатты пайдаланылғанын растайтын құжаттарды банкке тапсыру қажет. Атап айтқанда, пайдалануға қабылдау туралы акт және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы куәлік және оның техникалық сипаттамалары. 22 желтоқсан күні жаңа мақсатты таңдауға мүмкіндік беретін батырма www.enpf-otbasy.kz порталында қолжетімді болады.

Сондай-ақ, біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріне енгізілген жаңа өзгерістер жекешелендіру, сатып алу-сату шарттары бойынша бөліп төлеу арқылы ішінара төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады. Ереженің ескі нұсқасында БЗТ көмегімен аталмыш келісімдер бойынша тек толық төлем жасау мүмкіндігі ғана рұқсат етілген болатын. Осы мақсатқа арналған батырма 27 желтоқсан күні платформада пайда болады деп жоспарлануда.

Тағы бір өзгеріс БЗТ-ін пайдалану мақсаттарын растау уақытына қатысты. Енді бұл үшін 45 жұмыс күні емес, 20 жұмыс күніне дейін уақыт бөлінеді.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру