Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Баламалы кодты есте сақтаудың қажеті жоқ: Отбасы банк телефон нөмірі арқылы аударымдар жүйесіне қосылды.

Баламалы кодты есте сақтаудың қажеті жоқ: Отбасы банк телефон нөмірі арқылы аударымдар жүйесіне қосылды.

24 шілде 2026

Қазақстандықтар үшін Отбасы банкіндегі (бұл мекеме "Байтерек" холдингінің еншілес ұйымы болып табылады) депозиттерді толықтыру мен несиелерді өтеу бұдан да оңайырақ бола түсті. Енді ол үшін Отбасы банкіндегі өзінің баламалы шот кодын және басқа да ұзын банктік деректемелерді есте сақтау қажет емес. Басқа банктің мобильді қосымшасында төлем жасау кезінде өзіңіздің телефон нөміріңізді енгізсеңіз жеткілікті және қаражат Отбасы банкіндегі ағымдағы шотқа лезде түседі.
        Бұл қызмет банктің Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қатысуының арқасында мүмкін болды.

Жаңа сервис сондай-ақ Отбасы банкіндегі ағымдағы шоттан мобильді төлемдер жүйесіне қатысушы басқа банктердегі өз шоттарына қаражат жіберуге мүмкіндік береді.

Жаңа сервисті пайдалану үшін клиенттің Отбасы банкінде қолданыстағы ағымдағы шоты болуы керек. Төлемдерді otbasybank.kz порталындағы жеке кабинетте немесе "Otbasy bank" мобильді қосымшасында жүргізуге болады. Жаңа қызметті стационарлық компьютерден немесе ноутбуктен, сондай-ақ мобильді телефоннан да пайдалану ыңғайлы.

Мобильді қосымшаның жұмысы үшін Android 8.0 және одан жоғары, сонымен қатар iOS 16.5 және одан жоғары нұсқадағы құрылғыларға қолдау көрсетіледі.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Кіріс аударымдары. Отбасы банкіндегі ағымдағы шотты толықтыру үшін клиент өзіне қызмет көрсететін басқа банктің мобильді қосымшасына кіруі керек. Маңызды ақпарат: қаражатты Отбасы банкіне жіберу жоспарланған сол басқа банк те мобильді төлемдер жүйесіне қосылған болуы тиіс*. Бұдан бөлек, "аударымдар" қосымша бетінде "телефон нөмірі бойынша" батырмасын таңдап, өзінің телефон нөмірін енгізу қажет. Осыдан кейін қаражатты қабылдаушы банктердің тізімі пайда болады. Қолжетімді банктер тізімінен Отбасы банкін таңдап, аударым сомасын көрсету және операцияны растау керек. Қаражат Отбасы банкіндегі ағымдағы шотқа түседі. Содан кейін otbasybank.kz порталында немесе "Otbasy bank" мобильді қосымшасында осы қаражатпен депозитті толықтыруға немесе несиені төлеуге болады.

Шығыс аударымдары. Сондай-ақ Отбасы банкіндегі ағымдағы шоттан басқа банктегі өзіңіздің шотыңызға ақша аударуға болады. Ол үшін otbasybank.kz порталындағы жеке кабинетте немесе "Otbasy bank" мобильді қосымшасындағы "шоттар" қосымша бетінде "ағымдағы шоттарды", одан кейін "телефон нөмірі бойынша аударымды" таңдап, өз нөміріңізді енгізу қажет. Жүйе клиенттің шоты ашылған банктерді автоматты түрде көрсетеді. Банкті таңдағаннан кейін аударым сомасын көрсетіп, операцияны растау ғана қалады.

Депозиттен қоныс тойға дейін — цифрлық форматта

Күн сайын Отбасы банкінде орта есеппен 2 600 депозит ашылады. Жыл басынан бері 538 502 қазақстандық баспананы тиімді шарттармен сатып алу үшін жаңа жинақ шоттарын ашты. Дәл осы тұрғын үй жинақтары Отбасы банкінен жылдық мөлшерлемесі 3,5%-дан 8,5%-ға** дейінгі несие алуға мүмкіндік береді. Сондықтан көптеген азаматтар үшін депозитті тұрақты түрде толықтырып отыру маңызды қаржылық әдетке және өз үйіне барар жолдың негізгі бөлігіне айналды.

Клиенттерге қызмет көрсетуді ыңғайлы ету және олардың уақытын үнемдеу үшін банк цифрлық сервистерді белсенді түрде дамытып, жинақтау процесін барынша қолайлы етуде. Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қосылу банктің цифрлық трансформациясының және клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттырудың кезекті кезеңі болды.

Бүгінгі таңда Отбасы банкіндегі барлық операциялардың 75,7%-ы қашықтан жүзеге асырылады. 2026 жылдың басынан бері клиенттер 1,9 млн онлайн-операция жүргізді. Олардың қатарында жаңа депозиттер ашу, толықтыру, деректемелерді ауыстыру, басқаға беру, онлайн несие алу және оларды өтеу қызметтері бар.

*Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің қатысушылары: «Bank RBK» АҚ, «Фридом Банк Қазақстан» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Home Credit Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Нурбанк» АҚ, «KMF Bank» АҚ, «Bereke Bank» АҚ, «Евразийский Банк» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «KZI Bank» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.

** (ЖТСӨМ 3,6%-дан 4,4%-ға дейін) (ЖТСӨМ 9%-дан 9,6%-ға дейін)

***

«Отбасы банк» АҚ — елдегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын жалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына мүше. «Отбасы банк» АҚ-ның жалғыз акционері — «“Бәйтерек” ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ.

Қосымша ақпарат: [email protected], баспасөз хатшысы: Наталья Кутлина +7707 7 33 22 92

 

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру