«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Бірыңғай мансап порталын енгізді | «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Цифрландырудың 2024-2026 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру шеңберінде Бірыңғай мансаптық порталдың енгізілгені туралы хабарлайды. https://jobs.baiterek.gov.kz/ мекенжайы бойынша қол жетімді Портал бұл Холдингтің ғана емес, оның еншілес ұйымдарының да бос жұмыс орындары көрсетілген инновациялық платформа.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Бірыңғай мансап порталын енгізді

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Бірыңғай мансап порталын енгізді

6 ақпан 2025

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Цифрландырудың 2024-2026 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру шеңберінде Бірыңғай мансаптық порталдың енгізілгені туралы хабарлайды. https://jobs.baiterek.gov.kz/ мекенжайы бойынша қол жетімді Портал бұл Холдингтің ғана емес, оның еншілес ұйымдарының да бос жұмыс орындары көрсетілген инновациялық платформа.

«Біз қызметкерлерді іріктеу тәсілін өзгертетін жаңа платформаны іске қостық. Енді үміткерлерді іздеу және жұмысқа алу процесі бұрынғыдан да жылдамырақ, ыңғайлырақ әрі ашық бола түседі. Бұл – цифрландыру стратегиямыздың маңызды кезеңі. Ол бізге үздік мамандарды табуға, ал үміткерлерге сенімді компанияда жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым.

Бірыңғай мансап порталы өзекті бос жұмыс орындарына орталықтандырылған қол жетімділікті қамтамасыз етеді, бұл жұмыс іздеушілердің мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді және жұмыс берушілерге кең пулдан білікті үміткерлерді табуға мүмкіндік береді. Интуитивті түсінікті платформа интерфейсі әртүрлі деңгейдегі дайындық пен тәжірибесі бар пайдаланушыларға ыңғайлылықты қамтамасыз етеді. Нәтижесінде үміткерлерді таңдау және өтінімдерді өңдеу жылдамырақ болады.

«Біздің мақсатымыз – жұмыс іздеуге қолайлы және қолжетімді орта құру. Енді барлық еншілес компанияларымыздың бос жұмыс орындары бір платформада шоғырланған, ал үміткерлер бар болғаны бірнеше рет батырманы басу арқылы өтінім бере алады. Бұл портал көптеген мамандарға өз орнын тауып, мықты командаға қосылуға көмектеседі деп сенеміз», - деп толықтырды Холдинг Басқарма төрағасының орынбасары Вячеслав Сон.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өз қызметіндегі барлық процестердің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді белсенді дамытуды жалғастыруда.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру