Атырау облысының дәрігерлері үшін бастапқы жарнасыз тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
6 декабря 2023
Жаңа бағдарлама бойынша тұрғын үйді хирург, анестезиолог, реаниматолог, инфекционист, травматолог, невропатолог және басқа да медицина қызметкерлері ала алады. Ең бастысы, олардың барлығы клиникалық тәжірибемен айналысатын, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысқа орналасқан болуы тиіс. Бағдарламаға қатысушылардың барлығы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі қызметкерлері болуы керек.
Дәрігерлерді жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын Атырау облысының әкімдігі Отбасы банкімен («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлесіп қолға алуда. Жуырда ғана тараптар ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Оның аясында жергілікті әкімдік 1 млрд теңге қаражат бөлді. Бұл кемінде 40-қа жуық отбасына жеңілдетілген заем беруге мүмкіндік береді.
Отбасы банк өз тарапынан бағдарлама қатысушыларын жылдық 5% мөлшерлемемен (ЖТСМ 5,2%-дан бастап) несиелендіруге көмектеседі. Ал бастапқы жарна 0% басталады. Несиенің ең жоғары сомасы – 25 млн теңге.
Дәрігерлерге бағдарламаның басталу күні мен өтініш жолдау тәртібі қосымша хабарланатын болады.
Қатысушылар тізімін Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы құрайды. Ең көп ұпай жинағандар жеңілдетілген заем алуға үміткерлер пулына қосылады. Ұпайлар санына ғылыми дәрежесі мен жұмыс тәжірибесінің болуы және мамандығы әсер ететін болады. Мысалы, акушерия, гинекология, анестезиология, реаниматология, травматология, ортопедия сияқты сала мамандарына жоғары ұпай беріледі.
Қатысушылардың тізімі жасақталғаннан кейін олардың барлығы Отбасы банкіне заем алуға жолдама алады. Банк олардың төлем қабілеттілігін тексеріп, несие береді.
Медицина қызметкерлері баспананы өздері іздейді. Бұл Атырау қаласы мен Атырау облысындағы алғашқы немесе екінші нарықтағы пәтер немесе жеке үй болуы мүмкін.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, жеңілдетілген заем алған барлық қатысушылар жұмыс берушімен келісімшартқа отырып, өзі қызмет ететін мемлекеттік медициналық ұйымда кемінде 5 жыл толық жұмыс күнімен жұмыс істеуге міндеттеледі.