«Алматы жастары» бағдарламасы аясында биыл 1100 жас қала тұрғыны қоныс тойын тойламақ | Бүгін Отбасы банк «Алматы жастары» бағдарламасына қатысушыларды қуттықтады. Бұл дәрігерлер, мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, суретшілер, спортшылар, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, журналистер және әлеуметтік сала қызметкерлері. Олар Отбасы банкінен 5 пайыздық мөлшерлемемен (ЖТСМ 5,2% бастап) заем алу арқылы баспаналы болды. Аталмыш жастар бағдарламасы бойынша қатысушылар үшін бастапқы жарнасы небәрі 10 пайыз. Алматы қаласы әкімдігі мен Отбасы банктің бірлескен жобасына 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) алматылықтар қатыса алады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Алматы жастары» бағдарламасы аясында биыл 1100 жас қала тұрғыны қоныс тойын тойламақ

«Алматы жастары» бағдарламасы аясында биыл 1100 жас қала тұрғыны қоныс тойын тойламақ

25 қыркүйек 2023

 Баспасөз мәлімдемесі

Бүгін Отбасы банк «Алматы жастары» бағдарламасына қатысушыларды қуттықтады. Бұл дәрігерлер, мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, суретшілер, спортшылар, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, журналистер және әлеуметтік сала қызметкерлері.

Олар Отбасы банкінен 5 пайыздық мөлшерлемемен (ЖТСМ 5,2% бастап) заем алу арқылы баспаналы болды. Аталмыш жастар бағдарламасы бойынша қатысушылар үшін бастапқы жарнасы небәрі 10 пайыз.

Алматы қаласы әкімдігі мен Отбасы банктің бірлескен жобасына 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) алматылықтар қатыса алады.

Бүгінде байқаудан өткен азаматтардың басым бөлігі пәтерлерін алып үлгерді. Дені екінші нарықтағы тұрғын үйлерді таңдаған. Биылғы жылы «Алматы жастары» бағдарламасына дәрігерлер, мұғалімдер, коммуналдық және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әлеуметтік және мәдениет саласының қызметкерлері көбірек қатысқан.

– «Алматы жастары» бағдарламасы алты жылдан бері жұмыс істеп келеді. Іске қосылған алғашқы жылы, яғни 2017 жылы, жүз адам ғана заем алған болатын. Бүгінде бағдарламаның ауқымы кеңейді. Биыл 1100 азамат баспана ала алады. Осы жылдар ішінде бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі 72,5 млрд теңгені құрап, оның көмегімен 4 мыңнан астам алматылық қоныс тойын тойлады. Бұл Отбасы банк пен қала әкімдігінің қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. Қазақстандықтардың баспана сатып алуына жергілікті билік қана емес, жеке компаниялар – зауыттар, кәсіпорындар, медициналық орталықтар да көмектесе алады. Олар үшін Отбасы банк «Корпоративтік» өнімін шығарған. Соның аясында компания өз қызметкерлерін несиелендіру үшін ақша бөледі. Осы ұстанымды пайдаланып, қазірдің өзінде 600 қазақстандық отбасы баспана мәселесін шешіп үлгерді. Несие берудің жалпы сомасы 10 млрд теңгеден асты», - деп атап өтті Алматыдағы «Отбасы банк» филиалының директоры Данагүл Түсіпова.

«Корпоративтік» өнім - бұл еліміздің барлық аймағындағы жекелеген компаниялардың кез келген жағдайлары мен шарттарына бейімделуге мүмкіндік беретін әмбебап құрал. Әр кәсіпорын өз қызметкерлеріне тұрғын үй сатып алу үшін қаржыландыру шарттарының өзіндік нұсқасын құрай алады. Мысалы, банк компаниядан пайызбен қаражат ала алады немесе компания ол ақшаны қызметкерлеріне заем беру үшін бастапқы жарна ретінде депозитке сала алады, тіпті бұл қаржыға банктен облигациялар сатып ала алады. Яғни, жұмыс беруші ұйымның қаржыландыру тәсілдерінің көптеген жолдары бар. Оларды пайдалана отырып, банк кәсіпорын қызметкерлеріне жеңілдетілген пайызбен несиелер беру үшін, бос қаражатын уақытша банкке беру арқылы өз мамандарына көмектесе алады.

Бұл ретте компания қызметкерлері алғашқы және екінші нарықтан тұрғын үй сатып алу үшін 5% (ЖТСМ 5,2%-дан бастап) мөлшерлемесі бойынша, кейіннен ол 3,5%-ға (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) дейін төмендейді, несие ала алады. Яғни артық төлемсіз, мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен. Заем 19 жылға дейінгі мерзімге құны 50 млн теңгеге дейін беріледі.

«Корпоративтік» өнімнің тағы бір артықшылығы – бастапқы жарнаның мөлшері. Ол Отбасы банк пен компания арасындағы ынтымақтастық шарттарына байланысты тұрғын үй құнының 0% - 10% болуы мүмкін.

Осылайша, «Корпоративтік» өнімді пайдалана отырып, компаниялар кәсіби кадрлар пулын қалыптастырып, сирек мамандық өкілдерін сақтай алады.

Корпоративтік өнімнің көмегімен «Қаражанбасмұнай» және ERG компанияларының қызметкерлері, Қарағанды ​​облысының кеншілері мен металлургтері, «Нұр City Invest» ЖШС-нің қызметкерлері баспанаға ие болды. Отбасы банк бұл бағытта «Қазфосфат» ЖШС, «Қазинтерсервис» және Астанадағы медициналық орталықтармен де ынтымақтасады.

Сондай-ақ алматылықтармен кездесуде Отбасы банк қызметкерлері «Арманға жол» серіктестік бағдарламасы туралы айтты. Ол кәсіпорын қызметкерлеріне жалақысынан Отбасы банкіндегі депозитке ақшаны автоматты түрде аудару арқылы болашақ баспана үшін қаражат жинауға көмектеседі. Алматылықтар бұл қызметті өте белсенді пайдаланып, банктегі депозиттерін осылай толтыруды жөн санайтыны белгілі болды.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру