Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2022 жылы Отбасы банкінің 80 мыңға жуық клиенті қоныс тойын тойлады

2022 жылы Отбасы банкінің 80 мыңға жуық клиенті қоныс тойын тойлады

27 декабря 2022

Баспасөз мәлімдемесі

Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 78 686 қазақстандық отбасыға баспаналы болуға көмектесті. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 2022 жылы дәл осынша заем берілді.

Оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясында кезекте тұрған 10 518 адам Отбасы банк көмегімен тұрғын үйлі болды. Бақытты отбасы бағдарламасы бойынша 1 247 қазақстандықтың баспана мәселесі шешілді. Шаңырақ бағдарламасымен 5 989 отбасы жаңа қоныс алса, Нұрлы жер бағдарламасының арқасында 3 282 отбасы төл шаршы метрлеріне қол жеткізді.

Бүгінгі таңда Отбасы банк ұзақ мерзімді депозиттер нарығында бірінші орында тұр. Қазір банктің 2,5 млн салымшысы болашақ баспаналарына қаражат жинап жатыр. Күн сайын банкте 2 мыңға жуық жаңа депозит ашылады. Олардың иелері алғашқы жарнаға қажетті соманы жинап, жылдық 3,5%-дан (ЖТСМ 3,6% бастап) 11,5%-ға (ЖТСМ 11,2% бастап) дейінгі мөлшерлемемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. 2022 жылы 600 719 қазақстандық Отбасы банкінен жаңа депозит ашқан. Банктің жалпы депозиттік портфелі 2 трлн теңгеге тең.

Ипотека нарығында да Отбасы банк көш бастап тұр. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша ол қазақстандық ипотеканың жалпы үлесінің 67% берген. Бұл ретте банк NPL-дің ең төменгі деңгейін (90 күннен артық мерзімі өткен қарыздар) сақтап қалды, қазір ол 0,08%, ал банктер арасындағы бұл көрсеткіштің орташа деңгейі 3,68% тең.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне халық сенімі артқан сайын банк клиенттерінің қатары мен олар жасайтын операциялар саны да артып келеді. Сондықтан қазір банктік процестердің дені толықтай цифрландырылып, онлайн режимге көшіріліп жатыр.

– Биыл онлайн арналардың көмегімен 2,5 млн операция жасадық. Адамдарға қымбат уақыттарын үнемдеуге көмектескіміз келеді, біз алдымызға үлкен мақсат қойып отырмыз. 2025 жылға дейін банк ұсынатын барлық операцияларды клиенттерге онлайн режимде қол жетімді ету. Біз ЕДБ-дің ішінде Вlockchain жүйесін алғашқылардың бірі болып енгіздік. Аталмыш технологияны пайдалана отырып, банк клиенттері несиені мерзімінен бұрын өтеген жағдайда бірнеше минут ішінде кепіл шартын қашықтан тіркей алады немесе кепілде тұрған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарда алып тастай алады. Бүгінгі күні Blockchain 500 мыңнан астам сағатты үнемдеуге және Отбасы банктің 30 мыңға жуық клиентіне қашықтан сұранысқа ие қызметтерді қолдануға көмектесті», - деп түсіндірді «Отбасы Банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Жаңа технологиялар жалға алу ақысын субсидиялау бағдарламасын онлайн, жылдам іске қосуға көмектесті. Президентіміз Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша осы жобаның операторы болып Отбасы банк тағайындалды. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін өтініш беру, бағдарлама шарттарына сәйкестігін тексеру, жалға берушімен келісімшарт жасау және 50% көлеміндегі субсидияны алу процестері otbasybank.kz цифрлық платформасында жүзеге асып жатыр.

Дәл сол otbasybank.kz порталында қазақстандықтар баспана таңдап, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға өтініш жолдай алады, банктің жеке бағдарламалары аясында құрылыс салушыдан немесе екінші нарықтан ең жақсы пәтерлерді таңдап, сатып ала алады. Күн сайын платформаға шамамен 6000 адам келеді.

Сондай-ақ otbasybank.kz сайты арқылы онлайн-ипотекаға да өтініш беруге болады. Бұл қызмет коммерциялық нарықтан жаңа немесе қолданыстағы тұрғын үйді сатып алғысы келетіндер үшін қолжетімді. Бұл опцияны қазірдің өзінде 1 800 адам пайдаланып үлгерді.

2022 жылдың 1 қазанынан бастап банк өз клиенттерінен өтемақы алуға өтініштер қабылдай бастады. Қолданушыларға ыңғайлы болу үшін бұл процесс онлайн режимінде іске қосылды. 2022 жылдың 26 желтоқсанындағы жағдай бойынша, қазақстандықтардан жалпы сомасы 114 млрд теңгені құрайтын өтемақы алуға 814 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

2022 жылы Отбасы банк бірқатар жеке бағдарламаларын сәтті жүзеге асырды. Осылайша, жыл басынан бері «Ұмай» әйелдер ипотекасы 1 350 қазақстандық әйелдің баспана мәселесін шешуге көмектесті. Бағдарлама шарттары бойынша алғашқы жарна көлемі 15%, несие бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 13,5% (ЖТСМ 14,5% бастап) тең.

Биылғы жыл өңірлерде жастарды баспанамен қамту бағдарламаларын іске қосуда серпінді жыл болды. Бұл бағдарламалар жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, журналистерге, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала қызметкерлеріне, коммуналдық қызмет, Ішкі істер бөлімі, Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне қолжетімді несие алуға мүмкіндік берді.

Жастар бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жергілікті әкімдіктер мен Отбасы банктің жалпы бюджеті 62,7 млрд теңге тең.

Бүгінде Алматы, Астана қалаларында және Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жетісу, Абай облыстарында жастарды тұрғын үймен қамту бағдарламалары іске қосылды.

«Әскери баспана» бағдарламасының аясында 2 320 Отан қорғаушы қоныс тойын тойлады.

Биылғы жылы enpf-otbasy.kz платформасының көмегімен 487 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй сатып алу, ипотекалық несиені төлеу немесе емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі - БЗТ) пайдаланды. Салыстырмалы түрде өткен жылы порталды 433 мыңнан астам адам пайдаланған болатын. Сондай-ақ биыл қазақстандықтар болашақта қолжетімді шарттармен несие алу үшін БЗТ Отбасы банкіндегі депозиттерге белсенді түрде аударды. Бүгінгі таңда бұл опцияны 170 500 азамат пайдаланып үлгерген. Олар жалпы көлемі 273,5 млрд теңгеге жинақ шоттарын толықтырды.

2022 жылы Moody’s Investors Service Отбасы банкінің ұлттық валютадағы депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингін «Baa2» деңгейінде растады. Рейтинг болжамы «тұрақты». Сондай-ақ Fitch Ratings Отбасы банкінің ұлттық валютадағы эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «BBB» деңгейінде растады. Рейтинг болжамы «тұрақты». Банктің рейтингтері елдік деңгейде.

Жаңа жылдан бастап Отбасы банк Қазақстанда алғаш рет «жасыл ипотека» бағдарламасын іске қоспақ. Бұл қазақстандықтар «жасыл стандарттар» бойынша салынған, энергия үнемдейтін тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға несие ала алады деген сөз.

«Жасыл ипотека» бойынша алғашқы жарна 20 пайыз. Ол бар болса, банк клиенттері алдын ала заем ала алады. Мұндай несие бойынша мөлшерлеме 12,5% (ЖТСМ 13,3% бастап) тең. Оны клиент алғашқы 10 жыл ғана төлейді, кейін берешек жылына 3,5%-5%-ға дейін төмендейді.

«Жасыл ипотека» бойынша несиенің ең жоғары сомасы 35 млн теңге. Кредитті тек жаңа баспана сатып алуға ғана қолдануға болады. Тұрғын үйді ӨМІР, Р МЕМСТ, BREAM немесе LEED стандарттарына сәйкестік сертификаты бар нысандардан ғана сатып алуға болады.

***

             ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру