«Әскери баспана» бағдарламасының қатысушыларына баспана тауып оны сатып алуға бір жыл уақыт беріледі | Бүгін «Отбасы банк» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Әскери баспана» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу бойынша қорытындыларын жариялады. Тұрғын үй төлемдерін алушылар өз мәртебесін Baspana Market (otbasybank.kz) жылжымайтын мүлік порталында көре алады. Негізгі тізімге 1380 адам, резервтік тізімге 276 адам енген. Егер негізгі тізімдегі үміткер бағдарламаға қатыса алмаса, оның орнын резервтік тізімдегі үміткер алады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Әскери баспана» бағдарламасының қатысушыларына баспана тауып оны сатып алуға бір жыл уақыт беріледі

«Әскери баспана» бағдарламасының қатысушыларына баспана тауып оны сатып алуға бір жыл уақыт беріледі

26 қыркүйек 2022

Бүгін «Отбасы банк» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Әскери баспана» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу бойынша қорытындыларын жариялады.

Тұрғын үй төлемдерін алушылар өз мәртебесін Baspana Market (otbasybank.kz) жылжымайтын мүлік порталында көре алады. Негізгі тізімге 1380 адам, резервтік тізімге 276 адам енген. Егер негізгі тізімдегі үміткер бағдарламаға қатыса алмаса, оның орнын резервтік тізімдегі үміткер алады.

«Әскери баспана» бағдарламасы қатысушыларының пулына арнайы салымдарына тұрақты түрде қаражат жинап жүрген тұрғын үй төлемдерін алушылар енген.

Негізгі тізімге енгендер 2022 жылдың 10 қазанынан бастап несиеге өтініш бере алады. Маңызды артықшылығы – енді бағдарламаға қатысушыларға баспана іздеуге, оны бағалатуға және несиеге өтінім беруге тура бір жыл уақыт беріледі. Яғни, 2023 жылдың 9 қазанына дейін тұрғын үй төлемдерін алушылар асықпай, байыппен өздеріне ыңғайлы елді мекеннен жайлы баспана таңдап, оны қолжетімді шарттармен несиеге сатып ала алады.

Биылғы жылдан бастап «Әскери баспана» бағдарламасының шарттары бойынша, тек жаңа тұрғын үй сатып алуға болады. Бұл пайдалануға берілген тұрғын үй немесе Қазақстан тұрғын үй компаниясының кепілдігі бар салынып жатқан тұрғын үйден таңдалған пәтер болуы мүмкін.

Жаңа тұрғын үй сатып алғанда, тұрғын үй төлемдерін алушылар бірқатар артықшылықтарға ие болады:

- баспананың қабырғалары биік, асханасы үлкен, пластикалық терезелермен жабдықталған, заманауи стандарттарға сай салынған болады;

- тұрғын үй кешені жаңа инженерлік тораптармен жабдықталған болады;

- пәтерлердегі бөлмелердің орналасуы бірегей болады, яки үй-жайды өз еркіңізбен жоспарлауға мүмкіндік бар;

- жаңа үйдің бірінші меншік иесі боласыз;

- құрылыстың бастапқы кезеңінде тұрғын үйді төмен бағаға алуға болады.

Бағдарлама бойынша несие алу шарттары өзгерген жоқ. Ең төменгі қажетті жинақ сомасы 15%-ға тең. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 8% (ЖТСМ 8,3%-дан бастап). Несие мерзімі – 25 жылға дейін. Несиенің ең жоғарғы мөлшері – 50 млн теңгеге дейін.

Тұрғын үй төлемдерін алушыларға несие рәсімдеу үшін жұмысынан қол үзіп, банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ. Қатысушылар несиеге өтінішті онлайн, консьерж-ипотека қызметі арқылы жолдай алады. Ол үшін otbasybank.kz сайтына кіріп, «бейне қоңырау» батырмасын басу қажет. Бейнебайланыс операторы өтінішті қабылдап, оны ипотека алуға дейін жеткізеді.

«Әскери баспана» бағдарламасы банкте бесінші жыл қатар жұмыс істеп келеді. Қаржыландыру көзі ретінде Отбасы Банк нарықтық талапшарттармен нарықтан қаражат тартады, сондай-ақ жалғыз акционер – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-на дивидендтер төлегеннен кейін, таза кіріс түрінде Банктің қарамағында қалған өз қаражатын пайдаланады. Бұл қарыз алушылардың несие мөлшерлемесін нарықтық мөлшерлемеден төмен етіп тағайындауға және тұрғын үй төлемдерін алушыларға ең тартымды шарттармен несие беруге мүмкіндік береді.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру