Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ЖССБ24 Интернет-банкингінде "Шоттар арасындағы аударымдар" жаңа қызметі пайда болды

ЖССБ24 Интернет-банкингінде "Шоттар арасындағы аударымдар" жаңа қызметі пайда болды

26 ақпан 2020
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде бірнеше шоттары бар салымшылар мен өз туысының, мысалы баласының шотын толтырғысы келетін клиенттерге жағымды жаңалығымыз бар!

ЖССБ 24 Интернет-банкингінде "Шоттар арасындағы аударымдар" деп аталатын жаңа қызмет пайда болды. Енді сіз қажет соманы өзіңіздің ағымдағы шотыңыздан депозитіңізге немесе егер сізде олардың деректері болса, басқа адамдардың ағымдағы шоттарына аудара аласыздар.

Ол үшін Жеке кабинетіңізге кіріп, ағымдағы шот бөлімінен "Шоттар арасындағы аударымдар" немесе "ТҮҚЖБ клиентіне аудару" батырмасын басыңыз. Егер сіз қаражатты біздің банктің клиентіне аударатын болсаңыз, онда оны алушының реквизиттерін - телефон нөмірін, ЖСН немесе балама кодын, сондай-ақ, аударылатын соманы көрсету керек. Содан соң сіздің Интернет-банкингке тіркелген нөміріңізге жіберілетін біржолғы құпиясөзді енгізу қажет. Аударым 10-15 минуттың ішінде жасалады.

Ал ақшаны өз шоттарыңыздың арасында аудару одан да оңай. Ол үшін қажетті депозитті таңдаңыз да, аударылатын соманың көлемі мен біржолғы құпиясөзді теріңіз.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру