Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Құрметті клиенттер!

20 шілде 2026

Сіздерге «Отбасы банк» АҚ-тың Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қосылғанын қуана хабарлаймыз. Енді Банк клиенттері басқа банктегі шотынан «Отбасы банкіндегі» ағымдағы шотына телефон нөмірі арқылы ақша аудара алады.

Сондай-ақ, «Отбасы банкіндегі» ағымдағы шоттан басқа банктегі өз шотына телефон нөмірі арқылы ақша аудару мүмкіндігі қолжетімді. Енді «Отбасы банкінің» баламалы кодын, банк картасының немесе банк шотының нөмірін есте сақтап, көрсетудің қажеті жоқ.

«Отбасы банкінің» Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қосылуы еліміздің заманауи төлем инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ-тың қолдауының арқасында жүзеге асты.

Банкаралық мобильді төлемдер жүйесі Қазақстан Республикасының ұлттық қаржылық инфрақұрылымының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Бұл жүйе банктер арасындағы ақша аударымдарының ыңғайлы, жедел әрі қауіпсіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасында заманауи цифрлық қаржылық сервистердің дамуына ықпал етеді.

Бүгінгі таңда Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне «Bank RBK» АҚ, «Freedom Bank Kazakhstan» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Home Credit Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «KMF Bank» АҚ, «Alatau City Bank» АҚ, «Bereke Bank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «KZI Bank» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қосылған.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру