Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде NPL деңгейі 0,25%-ға дейін төмендеді | Бірінші жартыжылдықтың нәтижесі бойынша, қазақстандық ипотеканың 62%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) тиесілі. Банктердің тұрғын үй сатып алу үшін қазақстандықтарға берген 224,8 млрд теңге көлеміндегі қаражатының 139,8 миллиардын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ресімдеген. 
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде NPL деңгейі 0,25%-ға дейін төмендеді

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде NPL деңгейі 0,25%-ға дейін төмендеді

10 қыркүйек 2018
Бірінші жартыжылдықтың нәтижесі бойынша, қазақстандық ипотеканың 62%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) тиесілі. Банктердің тұрғын үй сатып алу үшін қазақстандықтарға берген 224,8 млрд теңге көлеміндегі қаражатының 139,8 миллиардын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ресімдеген. 16 090 Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшысы заем иесі атанған.

Бұл туралы бүгін Астанада «Бәйтерек» холдингінің басшысы Айдар Әріпхановтың төрағалық етуімен өткен банктің Директорлары кеңесі отырысында белгілі болды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова алғашқы жартыжылдықта жасалған жұмыс туралы есеп бере келе, банктің депозиттік базасының 5,6%-ға өскенін атап өтті. Есептік кезең нәтижесі бойынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халықтың ұзақмерзімді салымдары нарығында 1-орынға ие болып отыр. Жинақтардың жалпы сомасы 549 млрд теңгені құрайды. Бұл екінші деңгейлі банктердің жалпы депозиттік қоржынының 26%-на тең. 2018 жылдың 6 айы ішінде банкте тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы 204 915 жаңа келісім-шарт бекітілген.

Аталған кезең ішіндегі банктің несие қоржыны да өсім көрсетіп отыр. 2018 жылдың 1 шілдесіндегі статистикаға сәйкес, несие қоржыны 527,8 млрд теңгені құрайды, бұл жыл басындағы көрсеткішке қарағанда 63,3 млн теңгеге артық. Осыған қарамастан, банктің NPL деңгейі (уақтылы өтелмеген, өтеу мерзімі 90 күннен асып кеткен) 0,05%-ға төмендеп, 0,25%-ға дейін түскен. 2017 жылдың қорытындысы бойынша банктегі NPL деңгейі 0,30%-ды құраған болатын.

Келтірілген есепке сәйкес, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жеткілікті деңгейдегі өтімділік қорына ие. Ұлттық банктің қаржы институты тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін талап ететін көрсеткіштері де (пруденциалдық нормативтер қоры) үш есе жоғары болып отыр.

Бұдан бөлек Директорлар кеңесі отырысында бюджеттің және банк рентабельдігі көрсеткіштерінің орындалуы туралы, қаржы тәуекелдерін басқару жөніндегі және басқа Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметі нәтижелеріне қатысты бірқатар есептер қарастырылып, бекітілді.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру