Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тәулік бойы өз клиенттеріне WhatsApp чат-ботының көмегімен қызмет көрсетеді

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тәулік бойы өз клиенттеріне WhatsApp чат-ботының көмегімен қызмет көрсетеді

18 ақпан 2020
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің WhatsApp Business каналы банктің қолдау қызметімен байланысудың альтернативті тәсілі ретінде тұтынушылар арасында кеңінен танылуда. Чат-бот 2019 жылдың қараша айында Infobip бизнесі үшін коммуникациялық платформаның көмегімен іске қосылды. Сөйтіп, 3 ай ішінде 350 000 тұтынушының хабарламаларын өңдеді. Оның 17 000-ы бірегей тұтынушылар. Автоматтандырылған сандық көмекшінің қызметін күн сайын тәулігіне 24 сағат бойы пайдалануға болады. Ол үшін +7 705 925 13 00 нөмірін телефоныңызға тіркеп қоюыңыз керек.

WhatsApp Business коммуникациялық каналын қосудың басты себебі – банк тарапынан клиенттердің жылы шырайлығын арттырып, тәжірибелерін жақсартуға тырысу. Роумингтегі тариф бағасының қымбаттығынан көбінесе шетелде жүрген банк клиенттерінің телефон арқылы қажетті мәселелерді шешуге мүмкіндігі жоқ. WhatsApp арқылы әлемнің кез-келген жерінен қалаған уақытта Wi-Fi желісіне қосылу арқылы байланыс-орталығымен хабарласуға болады. WhatsApp каналы клиенттер қаражатын үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар, байланыс-орталығының дауыстық қоңырау шалу қызметіне кететін шығындарды азайтады. Банк телефон арқылы сөйлесуге орташа есеппен алғанда 56-59 ₸ жұмсайды. Ал WhatsApp Business каналында тек банк тарапынан жіберілетін қалыпты хабарламаларға ғана баға белгіленеді. Тұтынушылардан келіп түсетін сұрақтарға банк операторлары тегін жауап береді. Осылайша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі клиенттерді қолдаудың жаңа каналы байланыс-орталығындағы байланыс шығындарын 10-15%-ға азайтуға жол ашады.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылар базасы жыл сайын өсуде. Қазіргі сәтте бізге 1,5 млн. қазақстандық сенім артуда. Соңғы 3 жыл ішінде банкте 730 мың депозит ашылды. Баспана сатып алу үшін берілетін несие саны да жыл сайын артып келеді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша банк 50 000 займ берді. Бұл біз үшін рекордтық көрсеткіш. Бүгінде қызметкерлер санын ұлғайтпастан, күннен күнге артып келе жатқан клиенттерімізге қызмет көрсетуде заманауи технологиялардың алар орны үлкен. Соның нәтижесінде салымшыларымызға қысқа мерзім ішінде сапалы қызмет ұсынылуда», - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Жаңа сандық көмекшінің аты - Қуаныш. Қазіргі кезде ол банктің өнімдері мен қызметтері жөнінде анықтамалық-консультациялық ақпараттарды береді. Бұл каналға байланыс-орталығының операторлары жетекшілік етеді. Қажет жағдайда аталған сервис сізді банк қызметкерімен байланысқа қосады. Операторлар жұмыс күндері сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ал қалған уақытта чат-бот байланысқа шығады. Осылайша, банк клиенттері тәулік бойы өзіне қажетті мәліметтерді ала алады.
«Біз қазіргі заманғы тұтынушылардың қажеттілігін толықтай қанағаттандыру үшін бизнес-процесстерді автоматтандыруға көмектесе отырып, клиенттерімізге өз сараптамамызды ұсынып отырғанымызға қуаныштымыз. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі секілді ірі компаниялардың бізді «Қызмет көрсетуші» ретінде таңдауы Infobip сервисі сапасының жоғары екендігін көрсетеді», - дейді Infobip Россия басқарма директоры Руслана Резникова.

Алдағы үш жыл ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметінің 70%-ы онлайн түрде көрсетілмек. Осы мақсатқа жету үшін банк жоспарлы түрде өз сервистерін дамытуда. Виртуалды көмекшімен бірге, сондай-ақ, банк кеңесшілері арқылы алдын-ала банктік іріктеу қызметі ендірілді. Енді банк салымшылары қашықтықтан тек депозит ашып қана қоймай, сонымен қатар, несиеге қатысты өз мүмкіндіктерін есептей де алады. Клиенттер өзіне ыңғайлы уақытта және кез-келген жерге банк кеңесшісін шақыртуына болады. Олар салымшының төлем қабілеттілігін есептеп, алдын-ала келісілген несие сомасы көрсетілген сертификатты береді. Банк, сондай-ақ, чат-бот қызметін дамытуды жоспарлауда. Жуық арада клиенттер WhatsApp арқылы жинаған қаражаттарының және займ бойынша қарыздарының мөлшерін біле алады. Бұған қоса, депозиттерін толтырып, несиелерін өтейтін болады.




Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру