Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ТҮҚЖБ-нің Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы бөлімшелеріне карантин кезінде алдын-ала жазылу арқылы баруға болады

ТҮҚЖБ-нің Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы бөлімшелеріне карантин кезінде алдын-ала жазылу арқылы баруға болады

18 наурыз 2020
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы бөлімшелері азаматтардың денсаулығын сақтау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 2020 жылдың 19 наурызынан бастап карантин аяқталғанға дейін алдын ала онлайн-жазылу арқылы қызмет көрсететін болады. Бұл шара банк филиалдарында адамдардың көп жиналмауына және олардың бір-бірінен кемінде 3 метр аралығында алыс тұруына мүмкіндік береді.
Банк филиалына баратын ыңғайлы күнді таңдап, менеджерге жазылу үшін https://hcsbk.kz/ru/contacts/ сілтемесі арқылы өтуіңіз қажет.
Өзге өңірлердегі банк бөлімшелері демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен тыс, аптаның барлық күндерінде бұрынғы режимде жұмыс істейді. Ол жерде барлық қызмет түрлері - депозитке қаражат салу, банк өнімдері мен бағдарламалары бойынша займ беру, посткредиттік және постдепозиттік операциялар жүзеге асырылатын болады.
Тек, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша ғана несиелік өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 15 сәуірі, яғни, елімізде жарияланған төтенше жағдай аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылады.
-Елімізде орын алған жағдайға байланысты біз клиенттерімізді қорғау үшін, оларға қашықтықтан қызмет көрсететін боламыз. Мәселен, «ЖССБ24» Интернет-банкингі арқылы сіздер депозитті толықтырып, несиені өтей аласыздар. Ал, банк өнімдері туралы толығырақ кеңес алғыңыз келсе, онда 300 нөміріне қоңырау шалып, байланыс-орталығындағы біздің операторларға хабарласуыңызға болады. Сондай-ақ, жұмыс күндері банктің Whatsapp-арнасын қолдана аласыздар. Ол үшін телефоныңызға +7 705 925 1300 нөмірін тіркеуіңіз қажет, - дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Елде орын алған қаржылық жағдайға қарамастан, қолданыстағы және жаңа несиелер бойынша мөлшерлемелер бұрынғы қалпында сақталып, жылдық 2%-дан («Бақытты отбасы бағдарламасы) 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемені құрайды. Займдар теңгелей беріліп, несие алған бүкіл кезең ішінде олардың мөлшерлемесі сол күйінде сақталады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі қолжетімді займдарды валюта бағамына тәуелді етпестен теңгелей беруге мүмкіндік ұсынады.Оған нарықтағы экономикалық өзгерістер әсер етпейді әрі ол тұрақты түрде өсуде. Бұған банктің өз жұмысы барысында 227 687 қазақстандық азаматты баспанамен қамтамасыз еткені дәлел. Мұнымен қоса, осы жылдың басынан бері банктің 5 000 салымшысы тиімді шарттармен несие алды. Банк 2020 жылғы 16-17 наурыз аралығында 829 несиелік өтінімді қабылдап, 337 займ берді. Бүгінгі күннің өзінде, яғни 2020 жылдың 18 наурызында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 200-ден астам займ берді. Олардың 100-і Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына тиесілі.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде барлық филиалдар мен байланыс-орталығының аптасына 5 күн бойы қызмет көрсететінін естеріңізге салады. Ал сенбі және жексенбі – демалыс күндері. Мереке күндері банк жұмыс істемейді.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру