Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі зейнетақы жинақтарына қатысты комиссия алмайтын болды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі зейнетақы жинақтарына қатысты комиссия алмайтын болды

11 желтоқсан 2020
Баспасөз мәлімдемесі

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі зейнетақы жинақтарына қатысты комиссия алмайтын болды

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың мәлімдеуінше, зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі уәкілетті оператор болып тағайындалған жағдайда, банк Қазақстан азаматтарынан осы жинақтарды есепке алу және аудару бойынша туындайтын операциялардың комиссиясын алмайды.
  
«Аталған мәселеге байланысты біздің банкке жүктеліп отырған аса маңызды әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып, Тәуелсіздік күні қарсаңында отандастарымызды қуантқымыз келеді: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі зейнетақы жинақтары аударылатын арнайы ағым шоттарын ашу және жүргізу, сондай-ақ бұл жинақтардың беліленген мақсатта жұмсалуы үшін аударым жасау бойынша белгіленген барлық комиссияны нөлге теңестірді. Бұдан бөлек Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі БЖЗҚ-дан аударылатын бір ретік зейнетақы төлемдерін қабылдау және есепке алуға қатысты агенттік қызметтерін көрсеткені үшін де комиссия алмайды», - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.

Жаңа жылдан бастап Қазақстан азаматтары зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, ипотека өтеу немесе емделу ақысын төлеу үшін пайдалана алады.
Қолданыстағы ипотеканы жабу немесе жаңа ипотека рәсімдеу тек Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жүрмейді, мұны кез келген қазақстандық банкте жасауға болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша уәкілетті оператор ретінде анықталады, онлайн-форматта өтініш беруге арналған «бір терезе» және зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы ақпаратты жинақтап, өңдейтін орталық болады деп жоспарланып отыр. Ал өтініш қабылдауға арналған онлайн-сервис 2021 жылдың басында іске қосылып, қазақстандықтар оны пайдалануды бастап кетеді деп күтілуде. Азаматтар электронды-цифрлы қолтаңба көмегімен арнайы порталға кіріп, қолжетімді зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Бұл ретте зейнетақы жинағын толықтай жұмсау қарастырылмағанын айта кету керек: әр жас бойынша белгіленген жеткілікті сома шегі бар. Бұл – Қазақстан азаматына зейнетке шыққан соң қажет болатын минимал жинақ көлемі. Осы шектен асқан зейнетақы жинағы сомасын (жеке табыс салығы алынған соң) көрсетілген мақсаттарда пайдалануға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру