Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Республикалық референдум – 5 маусым

Республикалық референдум – 5 маусым

31 мая 2022

WhatsApp Image 2022-05-26 at 16.10.29 kaz 1.jpeg

Құрметті клиенттер!

2022 жылғы 5 маусымда Қазақстанда еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде Республикалық референдум өтеді.

Сіз тіркелген жеріңіз бойынша бекітілген сайлау учаскесінде дауыс бере аласыз.

Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру egov.kz «электрондық үкімет» порталындағы «Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөлімінде немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мүмкін болады.  

Сайлау учаскелерінің тізімі ақпараттың жаңаруына қарай қалалар мен облыс орталықтары әкімдіктерінің интернет-ресурсында жарияланады. Мысалы:

- Алматы қаласы бойынша өз сайлау учаскеңізді https://mapalmaty.kz/spisok порталынан
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша https://referendum.astana.kz/ порталынан білуге болады.

Азаматтық ұстаным танытып, референдумға қатысайық.

Сұрақ-жауап:

Сұрақ: Республикалық референдумда кім дауыс бере алады?

Жауап: Республикалық референдумда сот әрекетке қабілетсіз деп таныған немесе сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды қоспағанда, 18 жасқа толған ҚР азаматтары дауыс бере алады.

Сұрақ: Мен Қазақстаннан тыс жердемін. Мен қалай дауыс бере аламын?

Жауап: Қазақстан СІМ шет мемлекеттердегі сайлау учаскелері туралы ақпарат жариялады. Сіз өзіңіз тұрған шет мемлекеттегі учаскелік референдум комиссиясына жүгінуіңіз керек. Учаскелер мекенжайларының толық тізімін ҚР СІМ сайтынан табуға болады.

Сұрақ: Мен 5 маусымда өз учаскемде дауыс бере алмаймын. Не істеу керек?

Жауап: Басқа жерде жүрген жағдайда сіз алдын ала, 2022 жылғы 4 маусымда сағат 18:00-ге дейін өз учаскеңізге хабарласып, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуыңыз қажет. Осы құжатпен сіз басқа учаскеде дауыс бере аласыз.

Бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс беруге болмайды.


WhatsApp Image 2022-05-26 at 16.10.28 kaz 2.jpeg

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру