Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Отбасы банкіне» Басқарма Төрағасының орынбасары тағайындалды

«Отбасы банкіне» Басқарма Төрағасының орынбасары тағайындалды

16 маусым 2021

Баспасөз мәлімдемес

«Отбасы Банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Директорлар кеңесінің шешімімен, осыған дейін басқарушы директор – Банктік өнімдер мен технологиялар департаментінің директоры қызметін атқарған Әзімбеков Мұхтар Мирланович, Басқарма Төрағасының орынбасары ретінде сайланды.

Әзімбеков Мұхтар 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдады. 2011 жылы «Master in finance» ғылыми атағын алды.

Еңбек жолын Мұхтар Әзімбеков 2007 жылы «БТА Ипотека» ИҰ» АҚ серіктестігінде, процессинг бөлімінің қызметкері ретінде бастады. 2008 жылдан 2011 жылға дейін құжаттамалық қамтамасыз ету секторының маманы, мерзімінен бұрын өтеу бөлімінің аға маманы, несие берілгеннен кейінгі қызмет көрсету бөлімінің бас маманы ретінде қызмет атқарды. 2011-2014 жылдар аралығында «Ұлағат Бизнес групп» ЖСС директорының орынбасары болды. 2014 жылдан бастап «Отбасы банкінде» жұмыс істеп келеді. 7 жылдық еңбек өтілі барысында қатардағы қызметкерден басқарушы директор лауазымына дейін өсті. Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатына арналған несиелерді беру және қызмет көрсету, есептеудің жаңа қаржылық әдістерін енгізу және депозиттік желіні дамыту сияқты Банк өнімдерін әзірлеуге және енгізуге бағытталған бірқатар негізгі жобаларды құрастырды.

Басқарма мүшесі ретінде ол операциялық блокты, мерзімі өткен және қайтарымсыз несиелергемен жұмысқа бағытталған заңды тұлғалармен жұмыс бөлімін және Бастапқы тұрғын үй орталығын қадағалайды.

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.


Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру