Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Отбасы Банк» қызметкерлерінің 89% екпе алды

«Отбасы Банк» қызметкерлерінің 89% екпе алды

31 тамыз 2021

Баспасөз мәлімдемесі

Бүгінгі күні «Отбасы Банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қызметкерлерінің 89% (1195 адам) вакцинаның алғашқы компонентін алды, 80% вакцинацияның толық курсын аяқтады.

Отбасы Банк өз клиенттері мен қызметкерлерінің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың барлығын іске асыруда.

2020 жылдың 30 наурызынан бастап банк филиалдарында клиенттерге қызмет көрсету тек онлайн брондау арқылы қолжетімді. 2021 жылдың 28 шілдесінен бастап Банк бөлімшелеріне кіру тек «Ashyq» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Біз коронавируспен күресу жолында ұжымдық иммунитет қалыптастырудың аса маңызды екенін түсінеміз, сондықтан да ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап қызметкерлер арасында екпе алудың маңыздылығы туралы ақпараттық жұмысты тұрақты түрде жүргізіп келеміз. Банктің ішкі порталында егу пункттері туралы ақпарат бар. Банктің бас кеңсесінде және банк филиалдарында вакцинация тақырыбы бойынша ақпараттық плакаттар ілінген.

Қызметкерлер егу пункттерінде кезекте тұрып уақыт жоғалтпауы үшін ҚР Президентінiң Іс Басқармасы Медициналық Орталығының «Орталық Клиникалық аурухана» АҚ-ның көмегімен Банктің Алматы қаласындағы бас кеңсесінде екі рет вакцинациялау жұмыстары ұйымдастырылды. Қызметкерлерді вакцинациялау көрсеткіші туралы мәліметтер ішкі корпоративтік порталда апта сайын жаңартылып тұрады. Бүгінгі күні екі аймақта (Түркістан мен Ақмола облыстарында) қызметкерлердің 100% коронавирусқа қарсы екпе салды.

«Екпе салдырған адам вирустан өзін ғана емес, сонымен қатар отбасын, туыстары мен әріптестерін де қорғайды. Қалыпты өмірге қайта оралуға болады, оны тезірек қайтару өзіміздің қолымызда», - деді «Отбасы Банк» АҚ Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова. 

 ***

 "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі " АҚ-елдегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын жалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассаларының Федерациясы (ЕФССК) және халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру Одағынан тұрады. "Отбасы банк" АҚ-ның жалғыз акционері "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі"АҚ болып табылады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру