Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Отбасы банк «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылданатынын хабарлайды.

Отбасы банк «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылданатынын хабарлайды.

24 шілде 2026

Тұрғын үй кезегінде тұрған, құрметті азаматтар! 2026 жылғы 27 шілде сағат 9:00-де «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады. Бұл бағдарламаны Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы іске қосты және ол Отбасы банкпен бірлесіп жүзеге асырылады.

Өтінімдер https://baspana.otbasybank.kz порталында қабылданады.

Кімдер қатыса алады: Бағдарламаға Қостанай облысында (облыс ішіндегі есепке тұрған елді мекенге қарамастан) тұрғын үй кезегінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар қатыса алады.

Бағдарлама шарттары:

  • Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй
  • Жалдау мерзімі: 20 жылға дейін
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 3,1%
  • Бастапқы жарна: талап етілмейді
  • Жалдау құны: 1 шаршы метр үшін 2 076,67 теңге
  • Мерзімінен бұрын сатып алу: қалдық құны бойынша мүмкін
  • Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін баспана жалға алушының меншігіне өтеді.

Тұрғын үйдің орналасқан жері:
Қостанай облысы, Рудный қаласы, Качарская көшесі, 13-үй.
Пәтер саны: 8 бір бөлмелі пәтер.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Кем дегенде 6 ай үздіксіз жұмыс өтілі;
Төлем қабілеттілігін міндетті түрде растау;
Өтінімді қарау сәтінде қолданыстағы мерзімі өткен берешектің болмауы.

«Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасын Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы іске қосты. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады: https://khc.kz/ru/individuals/uslugi/302/920/

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру