Отбасы Банк + БЖЗҚ = Армандаған баспана!!! | Отбасы Банкі арқылы баспаналы болған салымшыларымызбен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгін сіздерді Маңғыстау өңірі, Ақтау қаласында тұратын салымшыларымыз - Жаманбаевтар отбасы - Саламат және Камиламен таныстырамыз.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы Банк + БЖЗҚ = Армандаған баспана!!!

Отбасы Банк + БЖЗҚ = Армандаған баспана!!!

15 шілде 2021
Отбасы Банкі арқылы баспаналы болған салымшыларымызбен таныстыруды жалғастырамыз.

Бүгін сіздерді Маңғыстау өңірі, Ақтау қаласында тұратын салымшыларымыз - Жаманбаевтар отбасы - Саламат және Камиламен таныстырамыз.

Осы күнге дейін олар үлкен отбасы боп, бір бөлмелі пәтерде тұрған. Ол пәтерді де 2017 жылы біздің Банк арқылы ипотекаға сатып алған болатын.

Саламат "Маңғыстау локомотив пайдалану депосы" АҚ-да жұмыс істейді, ал Камила екінші деңгейдегі банктің қызметкері, БЖЗҚ қаражатын пайдаланып өздерінің баспанасын кеңейту мүмкіндігі туралы білген соң, ерлі-зайыптылар бір бөлмелі пәтерін сатып, "Отбасы Банкіне" бастапқы жарна ретінде салып, оған қоса БЗТ қаражатын алуға өтінім берді. Жауап көп күттірмей, 5 күннен кейін қаражат арнайы шотқа түсіп, ал рәсімдеудің өзі жарты сағатқа созылыпты.

"Пәтер бірден табылды, және ең бастысы балаларымыздың өз үлкен бөлмесі бар" - деп өз қуаныштарымен бөлісті кейіпкеріміз.

Жас отбасы үшін қуанып, оларға көңілді, жайлы және бақытты өмір тілейміз.

Толығырақ бейне роликтен тамашалаңыздар:

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру