Отбасы банк қашықтан қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуде | Отбасы банк ұсынылатын қызмет түрлерін жақсарту үшін үнемі жұмыс жасап келеді және жуырда қашықтан қызмет көрсетудің жаңа функциясын іске қосты. Үйден шықпай-ақ депозит ашқысы келетін клиенттерге арнап, бейне қоңырау арқылы Банк кеңесшілерінің көмегімен онлайн депозит ашу мүмкіндігі пайда болды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк қашықтан қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуде

Отбасы банк қашықтан қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуде

18 тамыз 2021

Баспасөз мәлімдемесі

«Отбасы банк» АҚ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы (бұдан әрі - Банк) бөлімшелерімізге келетін клиенттердің қауіпсіздігін барынша арттыру үшін қолдан келгенін жасап жатыр. 2021 жылдың 28 шілдесінен бастап Банк филиалдарына кіру тек «Ashyq» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Отбасы банк ұсынылатын қызмет түрлерін жақсарту үшін үнемі жұмыс жасап келеді және жуырда қашықтан қызмет көрсетудің жаңа функциясын іске қосты. Үйден шықпай-ақ депозит ашқысы келетін клиенттерге арнап, бейне қоңырау арқылы Банк кеңесшілерінің көмегімен онлайн депозит ашу мүмкіндігі пайда болды.

Бүгінгі күні онлайн депозитті Отбасы банкінің арнайы оқытылған 300 кеңесшісі арқылы қашықтан ашуға болады. Олардың нөмірлері Банк сайтындағы «300 бейне кеңесшінің тізімі» https://hcsbk.kz/contacts/spisok-videokonsultantov/ бөлімінде орналастырылған. Ал келесі жылдан бастап Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 1500 кеңесші депозиттерді қашықтан ашатын болады.

Депозитті кәмелеттік жасқа толған кез келген қазақстандық аша алады. Орта есеппен, рәсімдеу 10 минуттан аспайды. Бұл қызмет дүйсенбіден сенбіге дейін, сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін қолжетімді. Қоңырау шалу кезінде клиентке камерасы мен интернетке кіру мүмкіндігі бар смартфон, не планшет, не компьютер мен жеке куәлігі қажет болады.

Жыл басынан бері қашықтықтан 81 163 жаңа депозит ашылды, оның ішінде 50 940 бейнебанк арқылы, 27 744 интернет-банкинг арқылы және 2 479 бейне кеңесшілер арқылы.

Банк кеңесшілері көрсете алатын қызмет түрлері кеңейіп келеді. Егер осыған дейін олар несие бойынша төлем қабілеттілігін алдын ала мақұлдау операциясын ғана жүзеге асыра алса, енді несие рәсімдеуге құжаттарды қабылдауға мүмкіндік алды.

Төлем қабілеттілігіне кеңесші арқылы алдын ала мақұлдау алған клиенттер, жылжымайтын мүлікті бағалатқаннан кейін, банк бөлімшесіне келмей -ақ, өзіне ыңғайлы кез келген уақытта банк кеңесшісін шақырып, несиелік өтінімді рәсімдеуге арналған құжаттарды өткізе алады.

Клиент сайттағы тізімнің ішінен кеңесші таңдап, оған алдын ала қоңырау шалып, кездесуге келіседі. Бұл жағдайда клиенттің телефоны мен жеке куәлігі өзімен бірге болуы тиіс. Егер несие рәсімдеу кезінде қосалқы қарыз алушыны тарту жоспарланса, онда оның қатысуы міндетті болып табылады.

Биылғы жылдың жеті айында банк кеңесшілері 7 213 несиелік өтінім қабылдады.

Несие рәсімдеу үшін құжаттарды қабылдайтын кеңесшілердің толық тізімін Банк сайтындағы https://hcsbk.kz/ru/network-agents/ «Сіздің кеңесшіңіз» бөлімінен қарауға болады.

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру