Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нұр-Сұлтан қаласында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша алғашқы несие берілді

Нұр-Сұлтан қаласында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша алғашқы несие берілді

15 тамыз 2019
Жылдық мөлшерлемесі 2%-ды құрайтын несие «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысқан елорданың 5 тұрғынына берілді.

Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Нұр-Сұлтан қаласында жалпы саны 719 несиелік өтінімді қабылдады. Олардың ішінде 253 отбасының өтінімі мақұлданып, қазіргі сәтте олар өз баспаналарын іздестіру үстінде.

-Бағдарламаға көпбалалы және толық емес отбасылар, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады. Арнайы олар үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Бақытты отбасы» бағдарламасының шарттарын жасау кезінде несие бойынша төлемнің жалдамалы пәтерге кететін төлем мөлшерімен шамалас болуын қамтамасыз етті. Бұған қоса, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі уақыт өте келе займ бойынша төлемнің төмендеуіне мүмкіндік беретіндіктен, отбасылық бюджетке түсетін ауыртпалық та азаятын болады, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Орталық филиалы директорының орынбасары Жанар Изимбетова.

Ең алғаш боп құжаттарын өткізген және несиелік өтінімі бойынша оң шешім алған астаналық тұрғын – Еркінбек Абуов. Ол 4 қыздың әкесі. Мемлекеттік қызметкер өз пәтерін 14 млн. теңгеге сатып алмақ. Ал, несие бойынша ай сайынғы төлем мөлшері 74 650 теңгені құрайтын болады.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Аққайың Сыздықова да қоныс тойын атап өтуге дайындық үстінде. Ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жеңілдетілген займ алып, өз пәтерін 15 млн. теңгеге сатып алды. Ал, несие бойынша ай сайынғы төлем мөлшері 79 963 теңгені құрайды.

-Біз жұбайым екеуіміздің 4 баламыз бар. «Бақытты отбасы» бағдарламасының арқасында біз көптен күткен өз пәтерімізге қол жеткіздік. Осыған дейін біз ата-анамызбен бір шаңырақ астында өмір сүрдік. Енді балаларымыздың өз бөлмелері болатын болды, - дейді қуаныш иесі Аққайың Сыздықова.

Естеріңізге салсақ, әлеуметтік бағдарламаға көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылар мен кәмелет жасына толмаған балалары бар отбасылар қатыса алады.

Несие сомасының 10% мөлшерінде бастапқы жарна болған жағдайда, оларға займ жылдық 2%-бен 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін отбасының әр мүшесіне келетін табыстың мөлшері 42 500 теңгеден аспауы керек (барлық салықтар мен зейнетақы жарналарын шегергенде). Мәселен, егер отбасы 6 адамнан тұратын болса, онда оның жалпы кірісі 255 000 теңгеден артық болмауы тиіс.

«Бақытты отбасы» бағдарламасының көмегімен жаңа және қолданыстағы үйден пәтер немесе жер үй сатып алуға болады. Ең жоғары займ мөлшері Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларында 15 млн. теңгеге дейінгі соманы құраса, ал қалған өңірлерде 10 млн.теңгеге дейін. Жылжымайтын мүлікті қарыз алушы тұрғын үй үшін кезекте тұрған аймақта ғана сатып ала алады.



Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру