Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нұр-Сұлтан қаласы әкімі мен «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушы отбасылардың балаларын Жаңа жылмен құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі мен «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушы отбасылардың балаларын Жаңа жылмен құттықтады

20 желтоқсан 2019
Осы жылы астанада «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған 700 отбасыға 10%-дық бастапқы жарнамен жылдық 2% мөлшерлеме бойынша жеңілдетілген займ берілді. Бұдан бөлек Нұр-Сұлтан қаласында тұратын тағы 36 отбасы несие бойынша мақұлдау алып, болашақ пәтерін іздестіруде. Бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) осы отбасылардың балалары үшін тамаша қойылым мен сыйлықтарға толы жаңажылдық шырша ұйымдастырды.
Бас қаланың кішкентай тұрғындарына арналған бұл мерекелік шара Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жаңа филиалының ашылуымен тұспа-тұс келді. Көпшілікке таныстырылған бөлімше Рақымжан Қошқарбаев көшесі, 26-үй мекенжайында орналасқан.
Аталған іс-шараға қонақ ретінде шақырылған қала әкімі Алтай Көлгінов пен «Бәйтерек» Холдингінің Басқарма Төрағасы Айдар Әріпханов осы күні банк клиенттерінің барлығын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мерекелік шыршаға қатысқан 250 бүлдіршінге тәтті сыйлықтар таратты.



– Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – халықтың банкі. Бұған қол жеткізілген көрсеткіштер дәлел. Күн сайын орташа есеппен 190 банк салымшысы баспаналы болып жатыр. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі құрылғалы бері 200 мыңнан астам қазақстандық отбасы осы ұйым арқылы тұрғын үй жағдайын жақсартты. Қазір банкте 1,5 миллион адам болашақ үйлері үшін қаражат жинақтауда. Және олардың саны күннен күнге артып келеді. Клиенттермен тығыз байланыста болу үшін, бүгін біз астанада банктің жаңа филиалын аштық. Мұнда салымшыларға барлық қызмет түрлері көрсетілетін болады. Жаңа ғимаратта жайлы күту залы мен балаларға арналған ойын алаңы бар. Ол, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі банк клиенттері үшін барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген, – деп атап өтті «Бәйтерек» Холдингінің Басқарма Төрағасы Айдар Әріпханов.
Бүгінгі күні тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін барынша пайдаланып, банкте үйге деп ақша жинап жатқандардың қатарында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары ерекше белсенді. Қазіргі сәтте банкте 208 мың астана тұрғыны шот ашқан. Олардың жинақ сомасының жалпы мөлшері 143 млрд теңгені құрайды. Биыл банктің көмегімен Нұр-Сұлтан қаласының 10 мың тұрғыны қоныс тойын атап өтті.
– Отан отбасынан, сондай-ақ, кешкісін жақындарыңмен бірге бір шаңырақ астында жиналатын өз үйіңнен басталады. Мұндай үйде жанұя мүшелері бірлесе отырып, болашақтың жоспарын құрады, бала тәрбиесімен айналысады. Отан дегеніміз – түнеу үшін ғана баратын жалдамалы пәтер емес. Біз күн сайын әр қазақстандық отбасының тезірек баспаналы болуы үшін бар жағдайды жасауға тырысудамыз – ыңғайлы жерден банктің жаңа бөлімшесін аштық, банк бағдарламалары бойынша мөлшерлемелерді азайттық, жаңа өнімдерді дайындап, тұрғын үй бағдарламаларын іске қосып жатырмыз. Осының нәтижесінде күн сайын елордада 40 шамасындағы банк салымшысы қолжетімді займ рәсімдеп, қоныс тойларын атап өтуде, – деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басшысы Ләззат Ибрагимова.
Оның айтуынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі аясында биыл алғаш рет табысы төмен отбасылар үшін «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылды. Аталған жоба 4 000 қазақстандық отбасының баспанаға қол жеткізуіне мүмкіндік сыйлады.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру