Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

МАҢЫЗДЫ!!!

16 ноября 2023

2023 жылғы 30, 31 желтоқсан, 2024 жылғы 1, 2, қаңтар (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі) демалыс күндер.

Осы күндері кез-келген операцияларды жүргізу қол жетімді болмайды.

Банк Филиалдары:

2023 жылға 29 желтоқсанда (Астана қ. уақыты бойынша) Банк филиалдары келесі операцияларды жүргізеді:

сағат 13: 00-ге дейін несие беру және несиеден кейінгі операциялар бойынша операциялар;

сағат 16:00-ге дейін ТҚЖ шарттарын (депозит) ашу немесе жабу, міндеттемелерді шешу, қосымша келісімдер жасасуға қатысты депозиттік операциялар, ТҚЖ шарттарын біріктіру және бөлу;

сағат 17:00-ге дейін банк филиалдарының кассалары арқылы ақша қабылдау;

сағат 19.00-ге дейін Агенттік желі кеңесшілері арқылы ТҚЖ шарттарын жасасу (депозит ашу).


Банк терминалдары және балама төлем арналары (Астана қ. уақыты көрсетілген):

Депозит толықтыру және несие өтеу үшін төлемдерді қабылдау операциялары 2023 жылғы 29 желтоқсан, сағат 20:00-ге дейін қол жетімді болады

МАҢЫЗДЫ!!! Терминалдар 29 желтоқсан сағат 20:00-ден 3 қаңтар сағат 08:00-ге дейін қол жетімсіз болады!

Интернет-банкинг:

2023 жылғы 29 желтоқсан күні (Астана қ. уақыты көрсетілген)

сағат 16:00-ге дейін депозиттен кейінгі операциялар (құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беру, біріктіру, тарифтік бағдарламаны ауыстыру, бөлу/ішінара шешу, мемлекет сыйлықақы белгісін өзгерту).

МАҢЫЗДЫ!!! Сағат 16:00-ден бастап 2023 жылғы мемлекет сыйлықақы салымшылардың жинақ шоттарына түскенге дейін, ТҚЖ шарттары бойынша депозиттен кейінгі операциялар (құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беру, бірігу, тарифтік бағдарламаны ауыстыру, бөлу/ішінара шешу, мемлекет сыйлықақысының белгісін өзгерту) тоқтатылады.

Бейне Сервис:

2023 жылғы 29 желтоқсан күнгі қол жетімді операциялар (Астана қ. уақыты көрсетілген)

сағат 16:00-ге дейін ТҚЖ шарттарын жасасу бойынша депозиттік операцияларды жүргізу, деректемелерді өзгерту, БЗТ бойынша арнайы ағымдағы шоттарды ашу/жабу, кредиттік өтінімдерді қабылдау және алдын ала төлем қабілеттілігін тексеру.

МАҢЫЗДЫ!!! Сағат 16:00-ден бастап ТҚЖ шарттарын жасасу бойынша депозиттік операцияларды жүргізу, деректемелерді өзгерту, БЗТ бойынша арнайы ағымдағы шоттарды ашу/жабу, кредиттік өтінімдерді қабылдау және алдын ала төлем қабілеттілігін тексеру ТОҚТАТЫЛАДЫ.

Сағат 18:30-дан бастап "Мемлекет сыйлықақы белгісін" қою үшін деректемелерді өзгерту (қажет болған жағдайда) ТОҚТАТЫЛАДЫ


Baspana жылжымайтын мүлік порталы:

МАҢЫЗДЫ!!! 29.12.2023 жылғы сағат 16:00-ден бастап салымшылардың жинақ шоттарына 2023 жыл бойынша мемлекеттік сыйлықақы сомасын жинақ шоттарына нақты аударғанға дейін клиенттің жеке кабинетіндегі «Менің банкім» қойындысы қол жетімсіз болады.

Enpf-Otbasy.kz Бірыңғай зейнетақы жинақтарын пайдалану платформасы 29.12.2023 жылғы сағат 19:00-ге дейін қолжетімді болады:

МАҢЫЗДЫ!!! 29 желтоқсан сағат 19:00-ден 3 қаңтар сағат 08:00-ге дейін Enpf-Otbasy.kz платформасында жұмыс жүргізу қол жетімсіз болады.

2023 жылғы 3 қаңтардан бастап Банктің филиалдары мен терминалдары 2023 жылғы мемлекет сыйлықақысы салымшылардың жинақ шоттарына нақты түскен сәтіне дейін тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы шарттардың талаптарын өзгерту (құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беру, біріктіру, бөлу/ішінара шешу, тарифтік бағдарламаны ауыстыру) жөніндегі операцияларды жүргізуді қоспағанда, штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру