Нұсқаулықты жүктеп алу (PDF)
1 қадам. Жеке кабинетке авторизация жасау.
baspana.otbasybank.kz сайтына кіріп, жеке кабинетке кіру үшін Банктің басты бетіндегі «Кіру» батырмасын басу қажет.
Пайдаланушы Порталдағы «Кіру» батырмасын басқаннан кейін, авторизация тәсілін таңдау терезесі ашылады.
Егер пайдаланушы Банктің клиенті болмаса, Порталға алғаш рет ЭЦҚ арқылы «Қонақ» ретінде авторизациядан өтеді.
Егер пайдаланушы Банктің клиенті болса, логин мен пароль арқылы кіреді.
2-қадам. Объектіні іздеу
Басты бетте «ЖАО-дан жалға берілетін тұрғын үй» қойындысына өтіңіз.
Одан кейін тіркелген өңіріңізге сәйкес сүзгі арқылы қажетті нысанды тауып, «Толығырақ» батырмасын басыңыз.
3-қадам. Өтінім беру
Таңдалған нысан бойынша «Өтінім беру» батырмасын басыңыз.
Өтінімді кезекте тұрған азамат өз атынан немесе әрекетке қабілетсіз тұлға үшін оның қамқоршысы бере алады.
4-қадам. Хабарландырумен танысу
Хабарландырумен танысып, тиісті белгі қойып, «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
5-қадам. Өтінімге қол қою
Өтінімге ЭЦҚ кілті арқылы қол қоясыз.
Сіз ЖАО-дан жалға берілетін тұрғын үй» өтінім беру сипаты бағдарламасына сәтті өтінім бердіңіз.
6-қадам. Өтінімді қарау
Өтінімді «Жеке кабинетте», «Менің өтінімдерім» бөлімінен көруге болады.
7-қадам. Табыс деңгейін тексеру және тұрғын үйді қабылдау
Өтінім бергеннен кейін otbasybank.kz жеке кабинетінде табыс деңгейінің сәйкестігін тексеруден өту қажеттілігі туралы СМС хабарламаны күтесіз. Тексеруден 5 жұмыс күні ішінде өту қажет.
Табыс деңгейі талаптарға сәйкес келген жағдайда, otbasybank.kz жеке кабинетінде бөлінген тұрғын үйді қабылдауға немесе бас тартуға қол қою қажет.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!