Енді балаңызға депозитті онлайн ашуға болады! | Енді балаңызға депозитті онлайн ашуға болады!
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Енді балаңызға депозитті онлайн ашуға болады!

Енді балаңызға депозитті онлайн ашуға болады!

19 қазан 2023
Біздің клиенттеріміз үшін жақсы жаңалық - енді балаңызға депозитті онлайн ашуға болады.
Жаңа қызмет otbasybank.kz порталында қолжетімді.

Балаға депозит ашу операциясын орындау үшін otbasybank.kz порталындағы жеке кабинетке кіріп, "Депозиттерді ашу" бөліміне өтіңіз, содан кейін "Балаға депозит ашу" батырмасын басыңыз. Онда сіз балаларыңыз туралы ақпаратты көресіз. Егер бірнеше бала болса, онда тізімнен өзіңіз депозит ашқыңыз келетін баланы таңдап, "Депозит ашу" батырмасын басыңыз.

  Балаға жинақ шотын ашқан кезде сіз қажетті депозиттің бірін таңдай аласыз – "Баспана" немесе "Арнау".
Депозитті 0 жастан 14 жасқа дейінгі бала үшін онлайн ашуға болады. 14 жастан кейін депозитті баланың өзі ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің (мысалы, қамқоршылардың) келісімімен банк бөлімшесінде ашады.

  Балаға депозит ашу бойынша онлайн қызмет Астана қаласының уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін қолжетімді.
Балалар депозитінің артықшылықтары:
  • Балаңыздың болашағын жасаудың алғашқы қадамы.
  • Банк сыйақысы 2% және мемлекет сыйлықақысы бір жылдағы жинақ ақша сомасының 20%-ы мөлшерінде (ең көбі 200 АЕК). Депозит бойынша ЖТСМ 6%-дан 14%-ға дейін;
  •  Депозит Отбасылық пакеттің бір бөлігі бола алады және осылайша бүкіл жанұяның жинақ ақшасы бойынша табысты ұлғайтады;
  •  Икемділік пен қолайлылық: ата-аналар өздеріне лайықты сома мен мерзімді өздері таңдайды.
  •  Қаржылық сауаттылыққа оқыту: ақшаны сақтауды үйрену және көбейту ешқашан ерте емес.
  • 2%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша қарыз алу мүмкіндігі (ЖТСМ 2.1%-дан басталады).
  •  Балаңыздың 18 жасқа толуына арналған сыйлық - жеке пәтер.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру