Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Баспасөз-релизі: 2016 жылы Қазақстандағы барлық ипотеканың 67%-ын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі берді

Баспасөз-релизі: 2016 жылы Қазақстандағы барлық ипотеканың 67%-ын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі берді

26 апреля 2017

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Астана қ.                                                               26.04.2017 ж.

Баспасөз-релизі: 2016 жылы Қазақстандағы барлық ипотеканың 67%-ын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі берді


«Бәйтерек» ҰБХ АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаевтың басшылық етуімен, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті күндізгі отырысы өтті. Отырыста Банктің 2014-2018 жылғы даму жоспарын орындау барысындағы 2016 жылғы есебі бекітілді.
2016 жылдың қортындысы бойынша банктің кредиттік портфелі 49,8 млрд. теңгеге өсіп (өсім - 18%), биылғы жылдың басында 329,3 млрд. теңгені құрады. Қазақстандағы барлық ипотеканың 67 процентін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі берді. Сонымен бірге, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың елдегі экономикалық белсенді халыққа шаққандағы үлесі 34 процентке өсіп, 9,55 процентті құраған. Былтырғы жылы 292 116 жаңа депозит ашылып, оларда жинақталған салым мөлшері 407 млрд. теңгеге жетті. 2016 жылдың қортындысы бойынша, Банк ұзақ мерзімді даму стратегиясында айқындалған барлық көрсеткіштерді орындады.
Өз кезегінде, Банктің Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова есеп-шот ашқанда және келісім-шарт сомасын ұлғайтқанда алынатын комиссия сомасы 0 теңге болып бекітілгеннен кейін, жаңа келісім-шарттардың ашылу қарқыны артқандығын мәлімдеді. Егер комиссия жұмыс істеп тұрған 2016 жылы күніне орта есеппен 900 депозит ашылып келген болса, биылғы жылдың 3 сәуірінен бастап (комиссия 0 теңге болып бекітілген мерзім) күнделікті ашылатын жинақ салымдарының орта көлемі 2,9 мыңға жеткен. Осы уақыттан бері, орта есеппен 50 мың жаңа депозит ашылған.
Отырыс барысында, «Өз үйім» бағдарламасын іске асырудағы негізгі бағыттар мақұлданып, Банктің бюджеттік орындалу мен тиімділік көрсеткіштерінің 2016 жылдың қортындысы бойынша есебі бекітілді.
«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингінің еншілес ұйымы болып табылады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру