Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Баспана» бірыңғай тарифтік бағдарламасын іске қосты

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Баспана» бірыңғай тарифтік бағдарламасын іске қосты

1 тамыз 2017

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ("Бәйтерек" Холдингінің еншілес ұйымы) 2017 ж. 1 тамызынан бастап бұрынғы қолданыстағы тарифтік бағдарламалардың барлығын бір бағдарламаға біріктіріп жатыр. Енді төрт бағдарламаның орнын: "Бастау", "Өркен", "Кемел" және "Болашақ" - «Баспана» атты бірыңғай тарифтік бағдарлама басатын болады. 

Бұл бағдарлама икемдірек және бұрынғыдай жинақтың нақты бір қатаң мерзімін қарастырмайды. Яғни, ендігі жерде банк салымшысы қанша жыл ақша жинайтынын және тұрғын үй заемын қандай пайызбен алатынын өзі шешетін болады. кредит беру мерзімін және пайыздық мөлшерлемені анықтайтын негізгі критерий - бағалау көрсеткіші болып табылады. Бұл өз кезегінде қаржы тәртібінің коэффициенті. Жарналар қаншалықты тұрақты және толығырақ өндірілсе, соншалықты клиенттің бағалау көрсеткіші жоғары болады.
Алайда, салымшылар банктің ең төменгі талаптарын, яғни: жинақтың үш жылдық мерзімін және бағалау көрсеткішінің 16 мәніне дейінгі жетістігін сақтаулары қажет. Мұндай жағдайда, банк клиенті тұрғын үй заемына жылдық 5% мөлшерлеме бойынша үміттене алады. Содан соң, ол 4 жыл ақша жинақтаса, бағалау көрсеткіші 20-ға дейін арта түседі, ал заем бойынша пайыздық мөлшерлеме 4,8%-ға дейін төмендейді. Осылайша, жинақ мерзімінің артуымен қатар бағалау көрсеткіші де артады және заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі сәйкесінше төмендейді. Заем бойынша ең төменгі мөлшерлеме – жылдық 3,5%.
- Түбегейлі ештеңе өзгермейді. Бұл жаңа тәртіп банк өнімдерін
оңтайландыруға, оны барынша қарапайым және қолжетімді етуге бағытталған. Сондай-ақ, «Баспана» бағдарламасы постдепозиттік операцияларды да біраз қысқартады. Салымшыға қазір тек үш сұраққа жауап беру жеткілікті – оның алғысы келетін баспанасы қанша тұрады, бастапқы жарнаның көлемі және ай сайын бөле алатын ақшасының сомасы қанша? Берілген жауапқа байланысты, банк клиентіне тұрғын үй жоспарын құру және көздеген мақсатына жету оңайға соғады,- деп түсіндірді Банк Басқармасы Төрайымының орынбасары Жанар Жубаниязова.
Сонымен қатар, 2017 ж. 1 тамызына дейін ашылған барлық депозиттерге тараптар міндеттемелерін толық орындағанға дейін банкпен қызмет көрсетілетінін де атап өтті.
«Баспана» жаңа тарифтік бағдарламасы - салымды төменгі сома 500 АЕК-пен (1 134 500 тенге) ашуға, шарттық соманы арттыруға, депозиттерді біріктіруге, отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының арасында шегіну жасауға мүмкіндік береді.
Толығырақ ақпарат алғысы келетін банк клинеттері ҚТҚЖБ-ның жақын маңдағы филиалына хабарласа алады және банк кеңесшілерімен кеңесе алады. Кеңес беру орталықтарының мекенжайларын https://www.hcsbk.kz сайтынан біле алады.

Алматыдағы бірбөлмелі пәтерді сатып алу бойынша тұрғын үй жоспары есебінің үлгісі
Тұрғын үйдің орташа бағасы - 14 000 000 теңге.
Салымшы ҚТҚЖБ-дағы депозитіне ай сайын енгізе алатын сомасын банк менеджеріне атауы қажет. Мәселен, ол 100 000 теңге аудара алады. Мұндай жарналар төлеу арқылы тұрғын үйдің 50%-ын 6 жылда жинап алуға болады ( есеп аударылған сыйлықақы және банк сыйақысы есепке алынбай жасалынған). Банк жылдық 4,2% тұрғын үй заемын береді. Ай сайынғы төлем - 78 400 теңгені құрайды.




Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру