Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды | ҚТҚЖБ және жергілікті атқару органдары қазақстандықтар үшін жеке тұрғын үй құрылысын ұйымдастыруға бірлесе отырып күш-жігер жұмсамақ. Ортақ жұмыс «Нұрлы жер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында жасалады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

1 маусым 2017

Баспасөз хабарламасы

Петропавл-Көкшетау                                                                                                    1.06.2017 ж.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚТҚЖБ және жергілікті атқару органдары қазақстандықтар үшін жеке тұрғын үй құрылысын ұйымдастыруға бірлесе отырып күш-жігер жұмсамақ. Ортақ жұмыс «Нұрлы жер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында жасалады.
2017 жылғы 31 мамырда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова Солтүстік-Қазақстан облысының әкімі Кұмар Ақсақаловпен ынтымақтастық туралы меморандумға қой қойды.
Құжаттарға сәйкес, әкімдік жеке тұрғын үйлер құрылысына арнап Петропавл қаласында 2 094 жер телімін бөліп, оларға коммуникация тартады. Тұрғын үйлер Солнечный ауылында бірыңғай архитектуралық үлгіде салынбақ. Оларды жер телімі үшін кезекте тұрған әкімдік кезегіндегі тұлғалар сатып ала алады. Егер аталған тұрғын үйлерді өз бетінше сатып алуға мүмкіндіктері болмаса, онда олар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеңілдігі бар заемдары арқылы алуларына болады.
Нысандар келесі жылы беріле бастайды. «Нұрлы жер» бағдарламасының талаптары бойынша, 1 шаршы метрдің құны 120 мың теңгеден аспауы тиіс. Қазіргі таңда жергілікті әкімдікте жер теліміне 8 200 адам кезекте тұр.
2017 жылы Солтүстік-Қазақстан облысының шамамен 1 000 тұрғыны жаңа қоныс иелері атанбақ. Аталған сәтте «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңбрінде жалпы аумағы 83,3 мың шаршы метрді құрайтын 11 көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы жүргізілуде, олардың 600 пәтерлік 7 үйі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бойынша берілмек.
«Тұрғындарымызға асыға күткен баспаналарына қол жеткізуге көмек беру біз үшін аса маңызды», - деп атап өтті Банк басшысы Ләззат Ибрагимова СҚО әкімімен өткен кездесу барысында. – Өңірде тұрғын үй құнының 50%-ын жинап, несиені жылдық 5%-бен ала алатын 2,5 мың салымшы бар. Қазіргі таңда Банк портфеліне сәйкес, Солтүстік-Қазақстан облысының 27 мың тұрғыны шот ашып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне сенім білдірген. Салымшылардың тек әрбір 10-на ғана несие берілген».
2017 жылдың 1 маусымында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова өңірде тұрғын үй құрылысын жүргізуге қатысты осындай меморандумды Ақмола облысы әкімі Мәлік Мурзалинмен жасасты.
Сондай-ақ, Банк басшысы Ақмола облысындағы құрылыс алаңдарының жұмысымен танысты. Қазірде аталған өңірде жергілікті атқару органдары аясында 206 пәтерлі 6 үй, ал «Бәйтерек» Девелопмент» аясында 198 пәтер салынуда. Бұған қоса, Ләззат Ибрагимова «Өз үйім» бағдарламасы шеңберінде банкпен бірлесе жұмыс жасауға ниет білдірген жеке құрылыс компанияларымен кездесті. ҚТҚЖБ салымшылары үшін пәтерлердің 1 шаршы метрін олар 165 000 теңгеден өткізуді жоспарлап отыр.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы, еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк болып табылады.

БАҚ үшін қосымша ақпарат:
+7 (727) 279 35 11 (іш.н.00344/00544/00271),
pr@hcsbk.kz

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру