Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 481 отбасы қоныс тойларын атап өтті

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 481 отбасы қоныс тойларын атап өтті

20 сентября 2019
Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі шамамен 5 000-дай несиелік өтінімді қабылдады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз-конференциясы барысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. «Бақытты отбасы» бағдарламасының жүзеге асырылуының аралық қорытындысына сәйкес, аталған жобаға, әсіресе, Нұр-Сұлтан (барлығы 829 өтінім), Алматы (640 өтінім) және Ақтөбе (555 өтінім) облыстарының тұрғындары белсенді түрде қатысуда.

Қабылданған өтінімдердің 2 416-і бойынша оң шешім шықты. Яғни, «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысқан әрбір екінші отбасы қазірде болашақ баспаналарын іздестіру үстінде. Бұл үшін оларға 3 ай уақыт беріледі. Пәтерді жаңа және қолданыстағы үйден сатып алуға болады. Сондай-ақ, жер үй алу мүмкіндігі де қарастырылған. Тұрғын үйді салымшы өзі әкімдікте кезекте тұратын аймақта ғана сатып ала алады.

-Бүгін сіздермен бөліскім келетін тамаша жаңалығым бар. Алдағы жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасына биылғы жылмен салыстырғанда екі есе көп қазақстандық азаматтар қатыса алады. Пәтер бағасының 10%-ын құрайтын мөлшерде бастапқы жарнасы бар 10 000 отбасы жеңілдетілген несиені жылдық 2% мөлшерлемемен алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл тапсырманы мемлекет басшысы өз жолдауында атап көрсетті, - деді Ләззат Ибрагимова.

Баспасөз-конференциясы барысында ол, сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасының тиімділігі жайында баяндады. 2019 жылдың алғашқы 8 айы ішінде аталған бағдарлама шеңберінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 4 966 салымшысы несиелік тұрғын үйге қол жеткізді.

Мемлекеттік бағдарлама іске қосылғаннан бері (2016 жылдың соңынан бастап) 138,1 млрд теңге сомасына 18 235 пәтер берілді. Олардың ішінде жеңілдетілген несиеге арналған қаражаттың 77%-ы республикалық бюджеттен бөлінді. Ал 23%-ы – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өз қаражаты.

Осы жылы аймақтық әкімдіктердің мәліметтері бойынша, биыл тағы 9 307 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспанаға қол жеткізу үшін, осы банкте депозит ашып, шотта 20% мөлшерінде бастапқы жарнаны жинау қажет. Бұған қоса, мемлекеттік бағдарламаға қатысушы жылдық 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген займ алу мүмкіндігіне ие бола алады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру